17 тамызда ауа райы қандай болады

Алматыда өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.
Шымкентте төтенше өрт қаупі болжанып отыр.
Ақмола облысы: күндіз батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, желдің екпіні күшейіп, шквал болады. Түнде батыс, солтүстік және оңтүстігінде найзағай, күндіз де найзағай күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан, күндіз батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Көкшетауда найзағай күтіледі.
Ақтөбе облысы: түнде және таңертең солтүстігінде тұман. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысы: оңтүстігі мен таулы аймақтарында найзағай болжанады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан, солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі жоғары. Қонаевта да өрт қаупі жоғары.
Атырау облысы: оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы: түнде солтүстігінде найзағай. Күндіз найзағай, батысы мен оңтүстігінде бұршақ пен шквал. Жел оңтүстік-шығыстан, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, батыс, солтүстік және оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары. Өскеменде найзағай, күндіз бұршақ болуы мүмкін.
Жамбыл облысы: таулы аймақтарында найзағай. Жел солтүстік-батыстан, оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және таулы жерлерде 15–20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін. Өрт қаупі жоғары. Таразда да өрт қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысы: оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.
Қарағанды облысы: солтүстігі мен шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, шквал, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан, солтүстік, шығыс және оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда найзағай, күндіз бұршақ пен шквал болуы мүмкін.
Қостанай облысы: солтүстік, шығыс және оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ. Түнде және таңертең солтүстік пен батысында тұман. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда да найзағай күтіледі.
Қызылорда облысы: күндіз солтүстік-шығысында найзағай. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, күндіз орталығында 15–20 м/с-қа дейін. Өңірде төтенше өрт қаупі жоғары. Қызылордада да төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы: өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы: түнде оңтүстік пен шығысында найзағай, күндіз батыс, солтүстік және шығысында найзағай, бұршақ, шквал күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін. Павлодарда найзағай болуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысы: батыс, солтүстік және оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, шквал, найзағай. Түнде және таңертең батыс пен оңтүстігінде тұман. Жел солтүстік-батыстан, күндіз батыс, шығыс және оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін. Петропавлда да найзағай күтіледі.
Түркістан облысы: күндіз таулы аймақтарында найзағай болжанады. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз таулы асуларда 15-20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысы: түнде найзағай. Күндіз солтүстік және шығысында найзағай, бұршақ, шквал. Жел оңтүстік-батыстан, солтүстік, оңтүстік және орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-қа жетеді. Солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары. Семейде найзағай болжанады.
Жетісу облысы: түнде шығысы, орталығы және таулы аудандарында найзағай. Жел солтүстік-шығыстан, күндіз солтүстік пен шығысында 15-20 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысы: солтүстік, шығыс және орталығында найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан, кейде 15-20 м/с. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі жоғары. Жезқазғанда кей уақытта найзағай күтіледі.