Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Ақорда баспасөз қызметінің фотосы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауын Ақорда сайты жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құрметті еліміздің православ қауымы!
Сіздерді Пасха мерекесімен құттықтаймын!
Христиан жылнамасында ерекше орын алатын бұл мереке үміт пен сүйіспеншіліктің, рухани жаңарудың символы саналады. Пасха мейрамында және оған дайындық кезеңінде жанашырлық, мейірімділік, тату көршілік, өзара көмек қасиеттері ел ішінде кеңінен дәріптеледі.

Православ қауымы қоғамда әділдік, бейбітшілік, келісім, төзімділік және сенім қағидаттарын қалыптастыруға елеулі үлес қосып келеді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан Пасха дәстүрі отбасындағы ынтымақты сақтауға және адамгершілік қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді, үлкенге құрмет көрсетіп, жақыныңа жанашыр болуға баулиды.
Ұлттық бірлік пен конфессияаралық келісімнің сақталуы, дәстүрлі құндылықтар мен жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылыстың үйлесім табуы еліміздің өсіп-өркендеуіне арқау болып отыр.
Халқымыз бейбітшілік пен тұрақтылық, заң мен тәртіп, білім мен инновация, қоршаған ортаға қамқорлық пен тазалық қағидаттары берік орныққан озық елде өмір сүріп, еңбек етуге ұмтылады. Республикалық референдумда қабылданған Халық Конституциясы – соның айқын дәлелі.
Біз қастерлі Отанымыздың болашағы жолындағы ортақ жауапкершілікті терең сезіне білсек, кез келген сын-қатерді еңсеріп, биік мақсаттарымызға жететінімізге кәміл сенемін.
Осы жарқын мереке әрбір шаңыраққа шаттық пен бақ-береке сыйласын!
Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт және толағай табыс тілеймін!
Айта кетейік, Пасха (Христиандардың мейрамы) - Иса Мәсіхтің қайта тірілуіне арналған христиандардың басты мерекесі. Рождестводан айырмашылығы, оның күнтізбеде белгіленген нақты күні жоқ, өйткені салтанат күні жыл сайын арнайы әдіс - пасхалия бойынша есептеледі.
12 сәуір 2026 ж. 121 0

Кене кіші деме...

11 сәуір 2026 ж. 127

СӘУЛЕТ ПЕН САПА

11 сәуір 2026 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930