Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

   Астана, baq.kz. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтап, бүгінде түрлі дін өкілдері өзара түсіністікті нығайтуға және қазіргі Қазақстан қоғамының тұрақты дамуына елеулі үлес қосуда екенін айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Қымбатты отандастар! Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!
  Бұл – жақсылық пен әділдікті, жақын жандарға деген мейірім мен сүйіспеншілікті дәріптейтін, жоғары гуманистік идеалдарға деген сенімді нығайтатын мейрам.
  Қазақстандықтар бір-бірін басты рухани мерекелермен құттықтай отырып, әркімге түсінікті және әр адамның жанына жақын адами құндылықтардың тұтастығын танытады.
  Біздің азаматтарымыз бәрімізге ортақ бейбітшілік, бірлік, конфессияаралық келісім және басқа да көптеген маңызды жетістіктерімізді мақтан ете алады.
  Бүгінде түрлі дін өкілдері өзара түсіністікті нығайтуға және қазіргі Қазақстан қоғамының тұрақты дамуына елеулі үлес қосуда.
  Бәріңізге шын жүректен зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін!
07 қаңтар 2019 ж. 1 274 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 146

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031