Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 50 жылдан кейін алғаш рет адамдар Айға қайта аттанады

50 жылдан кейін алғаш рет адамдар Айға қайта аттанады

NASA "Артемида II" миссиясы аясында төрт астронавтты Айдың маңайына жіберуді жоспарлап отыр. Бұл тарихи сапар 2026 жылдың ақпан айына жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Артемида II" миссиясы төрт астронавттың Айға барып, Жерге қайта оралғанға дейін он күндік ғарыштық сапарды қамтиды.
NASA агенттігінің астронавттары Рид Уайзман, Виктор Гловер және Кристина Кох, сондай-ақ Канаданың ғарыш агенттігінің астронавты Джереми Хансен Ай бетіне қонбаса да, олар 1972 жылы болған "Аполлон-17" миссиясынан кейін Жердің төмен орбитасынан тыс шыққан алғашқы экипаж болмақ.
Миссияның ұшу директоры Джефф Радиганның айтуынша, бұл экипаж бұған дейін ешбір адам болмаған ұзақ мерзімді ғарыш сапарында болады.













Миссияның басты мақсаты – Айға қонуға дайындық ретінде зымыран мен ғарыш кемесінің жүйелерін сынақтан өткізу.
Сапар барысында экипаж мүшелері "сынақ нысаны" рөлін атқарады. Ғалымдар ғарыш олардың ағзасына қалай әсер ететінін зерттейтін болады. Атап айтқанда, астронавтардың қанынан алынған жасушалардан органоидтар – яғни шағын тін үлгілері өсіріліп, олар сапарға дейін де, кейін де мұқият зерттелмек.
Бұл миссия NASA-ның "Artemis III" аппаратын Айға нақты қону үшін қашан ұшыратынын анықтайтын маңызды кезең болмақ.
25 қыркүйек 2025 ж. 183 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031