Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » NASA Айға ғаламтор жүргізбек

NASA Айға ғаламтор жүргізбек

LunaNet бағдарламасы бойынша Айдың бетіне байланыс беру үшін бірнеше түйіндер орнатылады. Айды игеру - Америка ғарыштық бағдарламасының алдағы онжылдықтағы  басымдықтарының бірі. Олар Айға алдымен ұшқышсыз ғарыш аппараттарын, содан кейін ғарышкерлермен бірге экипаждарды жібереді.
Американдық астронавтар 1969 жылдың жазында және 1972 жылдың қысында Айда болды. Ал 2017 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті Дональд Трамп Жердің ең жақын спутнигін игеруді бастау қажеттілігі туралы құжатқа қол қойды.Осы құжатқа сәйкес, 2021 жылдың қараша айы 2022 жылдың қаңтарында Artemis-1 ұшқышсыз ғарыш кемесі Айға аттанады.
Аталған жоба аясында NASA ұсынған жаңа технологиялардың бірі - Ай интернеті. Қолданыстағы байланыс радиоарналарының қуаты ғарышкерлер жинағалы отырған деректердің барлық көлемін беру үшін жеткіліксіз. NASA жоспары бойынша жаңа миссия Айға қарапайым ұшумен шектелмейді. Ғарышкерлер онда ұзақ уақыт қалады және спутниктің маңызды бөлігін игереді.
Айдағы ғаламтордың Жердегі вайфайдан  ерекшелігі оның тұрақтылығында болмақ. Сонымен қатар, Ай бетіне орнатылған түйіндер ақаулар пайда болған жағдада жинақталған ақпаратты сақтай алады.
Одан бөлек, байланыс тораптары төтенше жағдайларды бақылай алады. Мысалы, радиация деңгейінің өсуіне әкелетін дауылдарды байқап, ғарышкерлерге бұл туралы ескертуге қабілетті.

19 қазан 2021 ж. 467 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031