Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәдина Сәдуақасова: "Ақша қайда болса, әртістер сонда"

Мәдина Сәдуақасова: "Ақша қайда болса, әртістер сонда"

«Ақша қайда болса, әртістер сонда» деген Мәдина Сәдуақасованың басы дауға қалды. Әріптестерінің бірі оны қоштай түссе, енді екіншілері керісінше қарсы шығып жатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіге видео жүктеген Сәдуақасованың басы дауға қалды. Әнші қайда, ақша сонда деп ағынан жарылған бикешке бағытталған пікірлердің қарасы көп.
«Ақша болса болды. Бұларды елдің жағдайы қызықтырмайды», «Барлық әншінің маскасын шешіп тастадың-ау» деп жазды желі қолданушылары.
Әріптестерінің арасында оның пікірімен келіспейтіндері табылды. «Әншілер ақша болса, сонда дейді? Ақшасыз жерге де барамыз, қарағым. Тек ақша бар жерге бармайсың ғой. Елдің бәрінде ақша жоқ. Ақшасы жоқтарға тегін концерт беріп кетеміз», - дейді Мақпал Жүнісова.
Сондай-ақ, өнердегі әпкесінің сөзін Роза Әлқожа да қоштай түсті. «Мәдина енді... Әркімнің өз пікірі бар. Қанша ақша табамын десе, Алла берекесін бермесе, ешкім байып кетпейді», - дейді әнші.
Бағлан Әбдірайымов керісінше әншіге түсіністікпен қарайтынын айтты.
«Кім де кім ақша үшін өмір сүрмеймін деп айтатын болса, онда оны нағыз екіжүзді деп айтуға болады. Бұл әншілер болғаннан кейін, әрине, әншілеріміз бар жерде жүреді. Өйткені, барлығының гонорары бар. Бұл жасыратын да, ұялатын да нәрсе емес. Ол – ақиқат», - деді «Жігіттер» тобының солисі.
11 қазан 2019 ж. 1 510 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 129

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031