Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркедіФото: Google Maps
Қырғызстанда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазақстан деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес жер сілкінісі 2 сәуірде Астана уақытымен сағат 4:28-де болған. Жер асты дүмпуінің магнитудасы - 4,9.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институты мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Өзген қаласынан 3 шақырым, Құршаб ауылынан 5 шақырым, Қарасу қаласынан 30 шақырым және Ош қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан.
Елді мекендерде жер сілкінісі былай сезілген:
  • Өзгенде, Мырза-Арық және Қарауыл ауылдарында шамамен 4,5 балл;
  • Құршаб, Мырза-Әке, Қызыл Маяк және басқа да ауылдарда 4 балл;
  • Қарасуда, Отуз-Адыр, Құрбы-Таш, Ничке-Сай, Сәлем-Әлік ауылдарында 3,5 балл;
  • Ош, Манас, Көк-Жаңғақ қалаларында 3 балл.
Еске салайық, 31 наурызда Жетісу облысында бірден үш жер сілкінісі болған еді.

02 сәуір 2026 ж. 284 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930