Қазақстанның екі өңірінде жер сілкінді
Фото: Google/maps5 ақпанда Астана уақытымен 13:42-де Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркеліп, Жетісу облысының бірқатар аудандарында 2-3 балл шамасында сезілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2026 жылғы 5 ақпанда Астана уақытымен сағат 13:42-де Төтенше жағдайлар министрлігі мен Сейсмологиялық зерттеу институты сейсмикалық станциялар желісі Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым қашықтықта орналасқан. Сілкініс Жетісу облысының бірқатар аудандарында 2-3 балл шамасында сезілген.
Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Тиісті қызметтер жағдайды бақылауда ұстап отыр.
ТЖМ деректері бойынша есептік сейсмикалық қарқындылық (баллмен):
Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы – 3 балл, 63 шақырым
Жетісу облысы, Текелі қаласы – 3 балл, 74 шақырым
Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы – 3 балл, 79 шақырым
Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы – 3 балл, 84 шақырым
Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті – 2 балл, 95 шақырым
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы – 2 балл, 109 шақырым
Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы – 2 балл, 117 шақырым
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы – 2 балл, 129 шақырым
Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы – 2 балл, 139 шақырым
Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы – 2 балл, 147 шақырым
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылы – 2 балл, 151 шақырым
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Көкпек ауылы – 2 балл, 158 шақырым
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы – 2 балл, 165 шақырым
Еске салайық, бұған дейін өткен айдың басында Қазақстанның екі облысының шекарасында жер сілкінісі тіркелгенін жазған едік. Алдын ала мәлімет бойынша, эпицентр Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы – 3,7 балл.











