Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда көмір генерациясының ұлттық жобасы аясында 8 жаңа электр стансасы салынады

Қазақстанда көмір генерациясының ұлттық жобасы аясында 8 жаңа электр стансасы салынады

Негізгі басымдық базалық энергия көздерінің құрылысына беріледі.
Қазақстанда көмір генерациясының ұлттық жобасы аясында 8 жаңа электр стансасы салынады
Фото: iStock
Көмір генерациясын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған бекітілген Ұлттық жобасы электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты стратегиялық тұрғыдан өтеуге, еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын терең жаңғыртуға және Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Негізгі басымдық базалық энергия көздерінің құрылысына беріледі. 2030 жылға дейін 7,8 ГВт жаңа және жаңартылған қуаттарды іске қосу жоспарлануда, оның ішінде 8 жаңа электр стансасын салу және жұмыс істеп тұрған 11 стансаны жаңғырту көзделген.
Жалпы қуаты 5,3 ГВт болатын жаңа құрылыс бағдарламасы еліміздің маңызды тораптарын қамтиды. Оған Курчатовтағы конденсациялық электр стансасы (700 МВт), қуатты Екібастұз ГРЭС-3 (2 640 МВт), Қарағандыдағы (350 МВт) және Екібастұздағы (180 МВт) ЖЭС, сондай-ақ Жезқазған (500 МВт), Көкшетау (240 МВт), Семей (360 МВт) және Өскемен (360 МВт) қалаларындағы жаңа ЖЭО құрылысы кіреді.
Жоба тек генерацияны арттыруды ғана емес, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған стансалардың тиімділігін көтеруді де мақсат етеді. Жаңғырту нәтижесінде жабдықтардың тозу деңгейін 13%-ға төмендету жоспарланып отыр.
Ұлттық жобаны іске асыру одан арғы өнеркәсіптік өсу, цифрлық экономиканы дамыту және жасанды интеллект технологияларын ендіру үшін сенімді энергетикалық негіз жасауға мүмкіндік береді.
Көмір генерациясы технологиялық жаңғырту және экологиялық стандарттарды сақтау шартымен еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін және ұзақ мерзімді перспективада энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде шешуші рөлін сақтап қалады.
01 сәуір 2026 ж. 63 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930