Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2 сәуірден бастап әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі: азаматтарға маңызды салық жайлы ескертілді

2 сәуірден бастап әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі: азаматтарға маңызды салық жайлы ескертілді

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2026 14:07Фото: pexels
Бүгін, 2026 жылғы 31 наурызда Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалар үшін 2025 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірге дейін екенін еске салды, деп хабрлайды Zakon.kz.
Атап өтілгендей, көлік салығы салық заңнамасында белгіленген салық мөлшерлемесіне сәйкес дербес есептеледі.
Бұл ретте, 2025 жылы қолданыста болған 3 932 теңге мөлшерінде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қолданылады.
Салықты portal.kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятор арқылы есептеуге болады.
Сонымен бірге салық органдары жеке тұлғалардың тиісті салық кезеңі үшін төленетін көлік салығын жыл сайын есептеп, төлем сальдосын анықтайды. Есептелген салық сомасы туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға push-хабарламалар түрінде жіберілді.
Ведомство 2026 жылғы 2 сәуірден бастап салық төлемі кешіктірілген әр күн үшін өсімпұл есептелетінін еске салды.
Салық және есептелген өсімпұл бойынша берешек болған кезде салық органдары ағымдағы жылғы 10 мамырдан бастап мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.
Егер берешек сомасы 1 АЕК-ден асқан жағдайда борышкерге берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығы жолданады.
Егер салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде берешек өтелмесе, мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыға жіберіледі. Өз кезегінде, жеке сот орындаушы мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға, оның ішінде банк шоттарын бұғаттау мен мүлікке тыйым салуға құқығы бар.
Бұдан басқа, егер берешек сомасы 40 АЕК-тен асқан жағдайда азаматтың Қазақстан Республикасынан шығуы уақытша шектелуі мүмкін.
"Теріс салдардың алдын алу үшін салықтық міндеттемелерді уақытылы орындауға кеңес береміз, ал сұрақтар туындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органына немесе Байланыс-орталығына хабарласуға болады".Маңғыстау облысы бойынша МКД
Салық сомасы туралы ақпарат portal.kgd.gov.kz веб-порталда "Жеке тұлғаларға арналған алдағы төлемдер" сервисінде, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларда орналастырылған.
Бұған дейін көлік жойылғаннан кейін де неге салық есептеле беретінін жазғанбыз.
31 наурыз 2026 ж. 37 0

Стиль мен сана байланысы

31 наурыз 2026 ж. 59

Сапаға сын болмауы тиіс

31 наурыз 2026 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031