Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірінде аяқталады: төлмегендерді не күтеді?

Көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірінде аяқталады: төлмегендерді не күтеді?

2024 жылға жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі осы жылдың 1 сәуірінде аяқталады. Егер салық уақытылы төленбесе, әр кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі.
Төлеуге қажетті салық сомасын азаматтар өз бетінше есептеуі қажет. Бұл үшін e-Salyq Azamat мобильді қосымшасындағы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы калькуляторды пайдалануға болады.

15 наурыздан кейін көлік иелері алдын ала есептелген салық сомасын екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы PUSH-хабарламалар ретінде алады. Сондай-ақ, салықты банктердің мобильді қосымшалары немесе «Қазпошта» АҚ арқылы төлеуге болады.

Салық төленбесе не болады?

Егер салық уақытылы төленбесе, салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады, атап айтқанда, салықтық берешек туралы хабарлама жібереді, берешекті өндіріп алу туралы салықтық бұйрық шығарады және оларды жеке сот орындаушыларына (ЖСО) мәжбүрлеп орындау үшін жібереді.

Өз кезегінде, сот орындаушылары борышкерлерге қатысты шаралар қолданады, соның ішінде мүлікке және банк шоттарына тыйым салу, сондай-ақ елден шығуға шектеу қою.

Сондай-ақ, борышкерлер банк қызметтерін пайдалана алмайды, банк шоттарын аша алмайды, ақша аударымдарын жасай алмайды, несие рәсімдей алмайды және т.б.

Д.САЛМУРЗАЕВ,
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы
29 наурыз 2025 ж. 120 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30