Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлт тарихын білгеннен ұтарың көп...

Ұлт тарихын білгеннен ұтарың көп...

Халқымыздың жылқы малын жақсы көретіні белгілі. Көне тарихымызда батырларымыз тұлпарын сенімді серігіне балаған. Атқа ерді өзіне сай сайлап, оған мінетін адам да киімдерін ыңғайлы кигенін өз үйімде көзіммен көргенмін. Атам Махамбет жылқы малын өте жақсы күтетін. Жылқылары да иесінің келе жатқанын танып, аяқтарымен жерді тартып, қуанғандай белгі көрсететін. Атам болса оларды сылап-сипап, айналып-толғанатын. Сырдарияға апарып шомылдырып, жалдарын тарйтын. Сауынды биелердің құлындарын мен ұстап тұрамын да, әжем жақындағанда олар иіскеп жайбарақат сауғызатын еді.
Қазалы қаласынан 15-20 шақырым жерде көне Оғыз мемлекетінің астанасы болған Жанкент қаласының орны жатыр. 1955 жылдары менің әкем Қаншаның інісі сол тарихи мекенде тұратын. Соған үлкендер мені де ертіп апарған. Үйлері екі бөлмелік жер төле екен. Балалар қорғанның үстіне өрмелеп шығатынбыз. Ол кезде биік төбе болатын. Әлі бала болған соң солай көрінді ме екен? Төбесіне шығып ойнап жүргенде, тот басқан тиындар, әдемі әйнектер, сүйек қаңқаларын табатынбыз, бірақ әжеміз бізге ештеңе алып келуімізге тыйым салатын.
Бір күні әжем інісіне: «Мына жер төледен көшейік. Түнде түсімде жыландар патшасы аян беріп, бұл жер өздернің ордасы екенін айтты» деді. Сол жол үйін бұзып, бөтен жерден жер төле қазып көшкенін білемін. Бізге бәрі қызық. Ертеңіне бұрынғы жер төлемізге маңайласақ, іші жыланға толып кетіпті. Әлі есімде, жылан онша ұзын емес, түсі де қою реңктен біраз ашық. Көргенмізді үйдегілерге айтсақ, әжем: «Айналайындар, оларға тиюге болмайды. Ұрмаңдар, өлтірмеңдер, аулақ жүріңдер», – деді. Арада он шақты жыл өткеннен кейін сол жыландар үшті-күйлі жоқ болғанын білдік. Қайда кеткені белгісіз?..
Жанкент арқылы тұрғындар Жібек жолы өткенін айтады. Ол туралы тарихи деректер де жеткілікті.
Алматыда өсетін апорт алмамыздың исі, дәмі аузымыздан кетпейтінін тамсана айтамыз. Қазіргі базардағы алмалардан дәм де иіс те шықпайды. Апортты Венгрия жеріне екті деген әңгіме бар. Неміс халқы қымыз өндіруде. Осындай түрлі шберлекті меңгерген қазақ халқының қолдарынан ештеңе келмейді деген артық сөздері жоққа шығып жатқан жоқ па? Бас киімдерінен, белбеулерінде, қару-жарақтары, етіктерінде дейін алтынмен аптап, күміспен қаптаған жұрттың өнерді меңгермеген деуі қисынсыз. Аң-құстардың суреттерінен құйған бұйымдары кімді болса да таң қалдырады.
Көздің жауын алатын дала гүлдері көркіміз бен байлығымыз емес пе?
Біздер әскери борышымызды өтеп жүргенде, Грузия жерінде қызыл қызғалдақтарды олардың қолдан өсіретінін білдік. Жанымдағыларға олар қазақ даласында өздері өседі дегенімізде, таң қалды.
Келешекте «ұлы даланың өркениеттері» атты жалпыұлттық тарихи орындарды, төл құндылықтарды дәріптейтін клубтар құрып, түрлі жиын, конференциялар өткізіп, жастарымыздың төл-тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін отансүйгіш азаматқа айналдырудың болашағы зор болар еді.
Жеткербай МАХАМБЕТ
31 наурыз 2026 ж. 28 0

Сапаға сын болмауы тиіс

31 наурыз 2026 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031