Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Біздің ауыл

Біздің ауыл

Біздің ауыл сағасы сара жолдың.
Біздің ауыл жағасы Қаракөлдің.
Сол ауылдан данышпан дала көрдім,
Сол ауылға мәңгілік бала болдым.

Бала болдым, басымнан ауды бесін,
Жазған солай,жазмыш мәңгі кесім.
Әжем мені әлпештеп күншуақта,
Ауыл жайлы айтатын әңгімесін...

Пәлен деген, бай болған жылқы айдаған,
Батыр болған, рухтанса бұлт ойнаған.
Ерім ай-деп, шалын да еске алатын,
Елім айды, ыңылдап шырқайды анам.

Түген деген бір қожа – молда деді,
Болды иманы сақалсыз болды әдебі.
Қазан ортақ,қайғы ортақ осы жерде,
Моп-момақан бір ауыл болған еді...

Жоқшылықта көп еді тілек арман,
Еңку-еңку жер шалып, кіре барған.
Ақұдай ай, ауылдың адамдары,
Қаймана еді, Құдайдан тілеп алған.

Жолай түсіп жатпады төріме кім,
Көзкөргендер өлместей көрінетін.
Анау қырда атам мен енем жатыр,
Дәм дәметсе,құдажол берілетін.

Сор қалың ба,білмеймін жол ауыр ма,
Көбі кетті кебіннің орауында.
Көзкөргеннің көбісі сонда жатыр,
Шеттен келген ешкім жоқ ол ауылда.

Адамдарға ар-ұят сот болатын,
Кемпір-шалдың баласы көп болатын.
Заман қиын, заң бөтен, отан өгей,
Сонда шіркін, жетімдік жоқ болатын.

Тар құжыра, тас төсек, тас қара түн,
Жесір жардың жанары жастанатын.
Көшесі жоқ демесең осы ауылды,
Көшелі бір,кісілер басқаратын.

Қырық рулы ел,қаймана қатар қонған,
Әжеме де, ең соңғы сапар болған...
Сенің әжең қазақтың қызы шығар,
Менің әжем Қазандық татар болған.
Құлдыраңдап құлындай,шауып аман,
Көкейімде жоқ кезде, қауіп алаң.
Әжем айтқан ауылды іздеп барып,
Әжем жатқан ауылды тауып алам...
Ақжол ТҮМЕНБАЙ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
"Сыр үміті" жастар сыйлығының иегері,
Ақтан батыр ауылы
12 тамыз 2025 ж. 21 0

Ақтан батырдың ақылы

12 тамыз 2025 ж. 24

Біздің ауыл

12 тамыз 2025 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031