Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкемнің әзіл әңгімелері

Әкемнің әзіл әңгімелері

Фото: steamcommunity.com
Жыланның шаққанынан өлген жақсы ғой

Әкем Жұмахан Сауқымов жаз айларының бірінде Кәукей ауылындағы қайын жұртына барады. Тамақ-шайін ішіп, әңгіме дүкен құрып, кеш батып, ұйықтайтын уақыт жеткенде, үйдегілерді бүрге шағып ұйықтатпайды. Әкем әбден мазасы кеткен сон көрпешесін сүйретіп далаға шығып жатады. Қайын атасының үйі көлдің жиегінде орналасқан. Күйеубалдарының әрекетін көрген үйіндегілер: «жылан шағып алмасын» десе, әкем: «Бүргенің мың шакқанынан өлгенше, жыланның бір шаққанынан өлген жақсы-ау», – деген екен.

Ауырлау болады-ау деймін

Бірде құрдастарымен отырыста отырғанда бәрі баларының сабак үлгерімін айтады. Бірі: «Менің балам күнде сабақтан «5» алып келеді», – десе әкем ойланбастан: «Менің балдарым да күнде әкелмегенмен, екі күнде жинап әкеледі. Соған қарағанда» ауырлау болса керек», – деп бәрін күлкіге қарык қылыпты.

Өзім таба алмай жүрсем

Бозкөл ауылы кезінде бидай екен. Егіс басында жүруі керек әкем ауылға келіп, көшеде мотоциклмен жүргенін аграном көріп қалып:
– Жөке, не ғып жүрсің? Ана жақта бидайыңа жылқы түсіп жатыр, – десе әкем:
– Ойбай, ол жылқы менің бидайымды қайдан көріп жүр? Пішенің арасынан өзім таба алмай жүрсем, – деген екен

Гүлжан САУҚЫМОВА
08 сәуір 2025 ж. 310 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 43

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031