Қазақстандағы ауасы ең көп ластанған қалалар аталды
Сәуірде Қазақстанның қай қалаларында ауа ең көп ластанғаны белгілі болды. Бұл мәліметтерді "Қазгидромет" ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мән-жайы
2026 жылдың сәуірінде 68 елді мекеннің ішінде:
36-сында ауаның ластануы төмен деңгейде;
17-сінде шекті деңгейде;
13-інде жоғары деңгейде;
2-еуі ластанудың өте жоғары деңгейіне жатқызылды.
Ластанудың өте жоғары деңгейі екі елді мекенде - Қарағанды мен Петропавлда тіркелді.
Ластану деңгейі жоғары қалаларға 13 елді мекен кіреді:
Ақтөбе,
Алматы,
Атырау,
Өскемен,
Риддер,
Теміртау,
Абай,
Сәтбаев,
Павлодар,
Түркістан,
Талғар,
Астана,
Шұбаршы кенті.
Ластанудың жоғарылау деңгейі 17 елді мекенде байқалған:
Шымкент,
Ақтау,
Қостанай,
Семей,
Жезқазған,
Талдықорған,
Балқаш,
Рудный,
Арқалық,
Жітіқара,
Арал,
Шу,
Аягөз,
Жанбай ауылы,
сондай-ақ Ганюшкино, Кеңқияқ және Қызылсай кенттері.
Ластанудың төмен деңгейі 36 елді мекенде тіркелді:
Көкшетау,
Орал,
Тараз,
Қызылорда,
Екібастұз,
Атбасар,
Жаңаөзен,
Ақсу,
Ақсай,
Жаңатас,
Қаратау,
Кентау,
Лисаковск,
Саран,
Жаркент,
Степногорск,
Шемонаиха,
Щучинск,
Қандыағаш,
Хромтау,
Құлсары,
Алтай,
Әйтеке би, Ақсу, Әуезов, Бестөбе, Бурабай, Глубокое, Индербор, Бейнеу, Састөбе, Төретам кенттері,
сондай-ақ Ақай, Бөрлі, Мақат және Шиелі ауылдары.













