Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария үстінен салынар стратегиялық көпір

Сырдария үстінен салынар стратегиялық көпір

Ауданда инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жобалардың бірі жүзеге асырылуда. Аудандық маңызы бар «Қазалы-Қожабақы – Бозкөл-Кәукей» автомобиль жолының 16 шақырымындағы Қарлан учаскесінен Сырдария өзені арқылы көпір өткелін салу – өңір тұрғындары көптен күткен маңызды бастама.
Ауқымды жоба көлік қатынасын жеңілдетіп қана қоймай, ауылдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық байланысты нығайтуға, өңірдің дамуына тың серпін беруге бағытталған.
Жобаның жалпы құны және құрылымдары бойынша аталған құрылыс нысанының бастапқы жалпы келісімшарт құны 4 миллиард 257,8 миллион теңгені құрады. Оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстары – 4 миллиард 116,1 млн теңге «СтандартОйлКзо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, техникалық қадағалау – 99,6 миллион теңге «Аймереке» ЖШС, авторлық қадағалау – 42,1 миллион теңге «КазахскийПромтранспроект» ЖШС тарапынан жүзеге асырылған.
Алайда мердігер мекеменің 2024 жылы келісімшарт талаптарын орындаудан бас тартуына байланысты жоба уақытша тоқтап, мәселе сот тәртібімен қаралды. Нәтижесінде 2024 жылдың 20 қарашасында келісімшарт бұзылған болатын.

Жаңа серпін: құрылыс қайта жанданды
Құрылыс жұмыстарын аяқтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы қайта жарияланып, нәтижесінде «Нұрлы Тау ЛТД» ЖШС жаңа мердігер ретінде анықталды. 2025 жылдың 12 ақпанында 3 миллиард 307,3 миллион теңгеге жаңа келісімшарт жасалды.
Сонымен қатар техникалық қадағалау – «Достар Строй Групп» ЖШС (77,6 миллион теңге), авторлық қадағалау – «КазахскийПромтранспроект» ЖШС (37,3 миллион теңге) жауапкершілігіне жүктелді.
Атқарылған жұмыстар мен құрылыс барысына тоқтамай кету мүмкін емес. Атап айтқанда, алғашқы кезеңде мердігер тарапынан елеулі жұмыстар атқарылды. 70 дана свайға бұрғылап бетон құю, 3 ростверг, 2 ледорез, 2 ригель және 2 тіреу орнату, көпірге кірме жолдарды топырақпен көтеру жұмыстары жүргізілді. Бұл жобаның негізін қалыптастыратын маңызды құрылымдық кезеңдер.
Көпірдің техникалық сипаттамаларында жобаның ауқымы кең әрі заманауи талаптарға сай екендігі байқалады. Яғни нысанның жалпы ұзындығы – 2,5 шақырым, көпірдің ұзындығы – 248,29 метр, кірме жолдар – 2,305 шақырым, автожол санаты – III, жарықтандыру бағаналары – 109 дананы құрайды. Құрылыстың жалпы ұзақтығы 17 ай деп белгіленген.
Жалғасы 2-ші бетке

Қаржыландыру және игеру
2025 жылға республикалық бюджеттен 758,4 миллион теңге бөлінген. Оның ішінде 30 процент аванс ретінде – 219,9 миллион теңге, атқарылған жұмыстар үшін – 26,4 миллион теңге төленген.
Жалпы игерілген қаржы көлемі – 246,3 миллион теңге. Қалған 511,9 миллион теңге алдағы жұмыстарға бағытталмақ. Материал құнының өсуі – басты мәселе. Сондықтан қазіргі таңда құрылыс материалдарының, әсіресе арматура мен монолитті бетонның бағасы 20 проценттен 70 процентке дейін қымбаттаған. Ал сол өз кезегінде жобаның жалпы құнына әсер етпей қоймады. Осыған байланысты жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізу қажеттілігі туындап, тиісті құжаттар облыстық экономика және қаржы басқармасына жолданды.
Бүгінде жаңартылған жоба құны 6 миллиард 746,6 миллион теңгеге жетіп отыр.

Өңір дамуына әсері қандай?
Маңызды көпір Қазалы өңірінің дамуына серпін беретін стратегиялық жоба. Бір қуантарлығы, ауылдар арасындағы қатынасты жеңілдетеді. Тұрғындардың уақытын үнемдейді. Жүк тасымалын тиімді етеді. Төтенше жағдайларда қатынасты жақсартады. Ең бастысы – елді мекендердің байланысы нығайып, өңір экономикасының жандануына жол ашады.
Қарлан учаскесіндегі көпір құрылысы түрлі қиындыққа қарамастан, кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқан маңызды инфрақұрылымдық жоба. Құрылыс материалдарының қымбаттауы мен мердігер ауысуына байланысты туындаған кедергілерге қарамастан, жоба қайта жанданып, нақты жұмыстар жүргізілуде.
Алдағы уақытта осы көпір Сырдарияның екі жағалауын жалғап қана қоймай, Қазалы ауданының жаңа даму кезеңіне жол ашатын маңызды нысанға айналатыны сөзсіз.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
31 наурыз 2026 ж. 31 0

Сапаға сын болмауы тиіс

31 наурыз 2026 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031