Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Инфрақұрылым игілігі – тұрғындар үшін

Инфрақұрылым игілігі – тұрғындар үшін


Экономикан мен адамдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін инфрақұрылым – материалдық өндіріс пен қоғамдық жағдай мен тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық және эстетикалық талғамының көрінісі. Бұл бағытта Қазалы ауданында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Жүзеге асырылып жатқан жобалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосуда.
Аграрлы өңірдің, стратегиялық байланыс торабы ретінде де маңызы зор. Жолдар мен қоғамдық көлік бағыттарының жаңалануы халықтың өмір сүру сапасына серпін беріп, тұрмыс пен кәсіпкерілікке қолайлы жағдай туғызуда.
Құрылыс саласының артуы – аудан экономикасының маңызды тірегі. Мұндай жағдайдарды келелі көріністерден анық аңғаруғаға болады.
Президент тапсырмасының сәтімен жүзеге асырылуының жарқын көрінісі – биылғы жылы аудан халқы үшін бірнеше спорт нысаны пайдалануға берілмек. Мемлекет бұқаралық спортты дамытуға ерекше маңыз беруде. Осылайша жергілікті халықтың жағдайын жақсартумен бірге болашақ жеңімпаздар шоғырын даярлауға мүмкіндік тууда.
Қазалы бойынша 2025 жылы барлығы 11 нысанның құрылысы жоспарланған. Олардың 7-уі өтпелі нысан болса, 4-уі жаңа нысан.
Бұл жобаларды іске асыруға 2025 жылға республикалық, облыстық бюджеттен 4,8 миллиард теңге босатылған.
Алғашқысы Бекарыстан би ауылынан спорт кешенінің құрылысының келісімшарт құны – 398,494 миллион теңге. 2024-2025 жылдары «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 358,646 миллион теңге бөлінген. Бүгінгі күні оның 50,0 миллион теңгесі игерілген.
Қазіргі таңда іргетас колонналарына бетон құю жұмыстары жүргізілуде. 10 кВа электр және ауыз су желісін жеткізу жұмыстары жүзеге асуда.
Мердігер мекеме «Жылу ХХІ» ЖШС, авторлық қадағалаушы «Проект Сервис» кВ қосалқы стансасы, техникалық қадағалаушы «Аймереке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Бітуі тиіс жұмыстар қатарында Әйтеке би кенті «Жеңіс» саябағындағы спорт кешені құрылысы бар. Келісім шарт құны 628,743 миллион теңге тұратын кешенге 2024-2025 жылдары «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы аясында 378,758 миллион теңге бөлінген. Бүгінде 50,0 миллион теңге игерілген. Қажетті қаржы 249,985 миллион теңге.
2024 жылы іргетасы қаланған нысанның кірпіші қалануда.
Мердігер «Болашақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, авторлық қадағалаушы «СуҚұрылысПроект» ЖШС техникалық қадағалаушы «АқтауСтройЭксперт» серіктестігі.
Жаңашыл бастамалардан шалғайдағылар да шеткері қалған жоқ. Ауыл қарадомалақтары да енді заманауи, стандартқа сай орында жаттығып, сапалы алаңында доп тебеді.
Келісімшарт құны 537,1 миллион теңгелік Қожабақы ауылындағы спорт кешені үшін 2024-2025 жылдары «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасынан бөлінген қаржы бөлінген.
2024 жылы ғимараттың іргетасын орнатылып, коллонналары құйылып, , сыртқы қабырғаларын 2 метр биіктікке кірпіш қалау жұмыстары толық тәмамдалған. Қазіргі таңда жобаға түзетулер мен өзгерістер енгізілуде.
Мердігер мекеме «Намыс-Құрылыс» ЖШС болса, авторлық қадағалаушы «DAB», техникалық қадағалаушы «АқтауСтройЭксперт» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.
Халық тұрмысы түзеліп, ел әлеуеті атқан тұста мәдениетке де айрықша көңіл бөлінуде. Майдакөл ауылынан типтік жобадағы 100 орындық ауылдық клуб құрылысы бой көтеруде. Ауылдықтар руханият кешінене жиналып, өнерлерін өрістетіп, түрлі іс-шаралар ұйымдастыратын күн де алыс емес.
2024-2025 жылдары «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы аясында 359,221 миллион теңге бөлінсе, оның 50,0 миллион теңге қаржысы игерілген.
2024 жылы ғимараттың іргетасын құю, кірпіш қалау және төбе жабынын жабу ішкі қабырғаларын сылау жұмыстары аяқталған. Сыртқы қасбетін қаптау және ішкі әрлеу, сыртқы абаттандыру жұмыстары жүруде.
Мердігер мекеме «Намыс-Құрылыс» жауапкешілігі шектеулі серіктестігі. Авторлық қадағалаушы «Сартөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, техникалық қадағалаушы «Grand Urban» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Көгілдір отын көкжиегі де жыл санап кеңеюде.
Қазалы ауданы, Ақтан батыр елді мекеніндегі орамішілік газ желілерінің құрылысына 2024 – 2025 жылдары 354,080 миллион теңге бөлінсе, бүгінге дейін 335,929 миллион теңгесі игерілген.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған газ желісі іске қосылған.
Мердігер мекеме «Строительная компания Орда-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, авторлық қадағалаушы «ДУМ-Проект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, техникалық қадағалаушы «Novat Stroy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Ү.Түктібаев елді мекендеріне тартылатын газ құбырын салу үшін соңғы екі жылда 3 563,053 миллион теңге жұмсалған.
Бүгінге дейін 45,0 шақырым жоғары қысымды газ желісі жүргізіліп, 1 дана газ реттегіш шкафты пункттер қондырғысы монтаждалған. «Құрылыс жұмыстарының 75 прценті аяқталды аяқталды» дейді мердігер «Отау-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету назарға алынып отыр.
Шәкен елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 2025 жылы 353,276 миллион теңге бөлінген. Бүгінге дейін 7,5 шақырым ауыз су желісі жүргізіліп, 31 дана темірбетон құдықтары монтаждалған. Мердігер мекеме «Дәнекер КС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, авторлық қадағалаушы «Костанай Агропромпроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, техникалық қадағалаушы «СтандартСтройСервис LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Мердігер мекеме «Намыс – Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, авторлық қадағалаушы «СанжарПроектСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, техникалық қадағалаушы «СтандартСтройСервис LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатқан Шилі елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз етуге 2025 жылға 222,419 миллион теңге бөлінген. Қаржаттың 100,066 миллион теңгесі игерілген. 2,5 шақырым жерге ауыз су желісі жетіп, 24 дана темірбетон құдықтары монтаждалған.
Шитүбек елдi мекенiнің сүрғындары да ауыз сумен қиындығынан құтылады.
Бұл мақсатта 2025 жылға 204,015 миллион бөлініп, 145,862 миллионы игерілген.
9,9 шақырымға ауыз су желісі жүргізіп, 22 дана темірбетон құдықтары қойылған.
Мердігер мекеме «Ансар-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, авторлық қадағалаушы «СанжарПроектСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, техникалық қадағалаушы «Аруай Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазалы ауданы Әйтеке би кентінен ПС-35/10 кВ қосалқы стансасының құрылысы басталды.
Шарт құны 1371,632 миллион теңге. 2025 жылға республиткалық бюджеттен 378,231 млн теңге бөлінген. Трансформатор қондырғысын орнатуға жер жұмыстары, іргетасын құюға дайындық жұмыстары жүруде.
Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.
Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
14 маусым 2025 ж. 53 0

Ақхалаттылар ардақталды

14 маусым 2025 ж. 37

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30