Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарлаң көпірінің құрылысы қайта басталды

Қарлаң көпірінің құрылысы қайта басталды

2022 жылы Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» автомобиль жолының 16 шақырымдағы Қарлан учаскесінен темір бетонды көпір құрылысы басталған болатын. Алайда мердігер мекеме «СтандартОйлКзо» ЖШС-інің жауапсыздығы салдарынан көпір құрылысы тоқтады.
Мердігер мекеме өзіне жүктелген міндеттемелерін толық орындамау салдарынан өткен жылы сот процестері жүргізіліп, келісім шарт біржақты бұзылды. Сондай-ақ көпір құрылысы жұмыстарын аяқтау үшін қайта мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз болып «НұрлыТау ЛТД» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі анықталды.
Бүгінгі таңда облыс әкімнің қолдауымен көпір құрылысы қайта басталып, жаңа мердігер мекеме тиісті жұмыстарды атқаруда. Осыған орай аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Қарлаң учаскесіне барып, мердігер мекеменің жауапты өкілімен кездесті. Аудан басшысы Сырдария өзенінің арғы бетіндегі тұрғындар үшін бұл көпірдің маңыздылығы жоғары екенін айтып, құрылысшыларға ең бірінші кезекте құрылыстың сапасы мен мерзімінде аяқталуы керектігін жеткізді.
Айта кетейік, Қарлаң көпірінің құрылысы тезірек аяқталса Өркендеу, Бірлік, Қожабақы, Аранды, Бозкөл, Тасөткел, Лақалы, Ажар, Тасарық және Кәукей елді мекеніндегі 12 мыңға жуық халықтың алыс-берісі артып, жол қатынасы жақсара түспек.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
19 сәуір 2025 ж. 560 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 140

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 146

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031