Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Салық режимдерін оңтайландыру мақсатында 3 арнаулы салық режимі енгізілді

Салық режимдерін оңтайландыру мақсатында 3 арнаулы салық режимі енгізілді

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2025 жылғы 18 шілдеде жаңа Салық кодексіне қол қойды. Аталған құжат еліміздің салық жүйесін заман талабына сай жетілдіруге бағытталған. Кодекс ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Осыған байланысты, оның негізгі өзгерістері мен жаңашылдықтары туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Салық режимдерін оңтайландыру мақсатында арнаулы салық режимдерінің 3 түрі енгізілді: Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР, оңайлатылған декларацияға негізделген АСР және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР
✓ Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР, шарттары:
- жеке тұлға болуы керек;
- Кірісі- айына 300 АЕК (2 197 500 теңге/ай.);
- Жалдамалы қызметкерсіз;
- Мөлшерлеме- 4% тек МЗЖ, ЖБМЗЖ,ӘА, МӘМС (ЖТС-сыз);
- Үкімет бекіткен 40 қызмет түрлерін ғана жүзегеасыра алады.
Атап айтқанда, рұқсат етілген қызмет түрлеріне такси қызмет, тігін қызметі, жеткізу қызметі, тұрмыстықтехника жөндеу қызметі және тағы басқа кішігірімқызмет көрсету салалыры жатады.
✓ Оңайлатылған декларацияға негізделген АСР, шарттары:
- Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;
- Кірісі- 600 000 АЕК жылына (2,4 млрд. теңге);
- Жалдамалы қызметкерлер саны – шектеусіз;
- Мөлшерлеме- 4% (мәслихат шешімімен 50%-ғадейін төмендете немесе көтере алады);
Қазалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 қарашадағы №480 шешіміне сәйкес 50 пайыз жеңілдетілген. Яғни 2 пайыз салық салынады.
- Қолдануға тыйым салынған (185) қызмет түрлері айқындалған. (ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 14 қарашадағы № 970 қаулысы).
✓ Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналғанАСР, шарттары:
- Салық жеңілдіктері сақталады, тек ЖТС түрінде салық салынады. БЖС алынып тасталды;
- Мөлшерлеме - кірістен 0,5%.

Бұл ретте жаңа режимге көшу жұмыстары жүргізу қажеттігін ескертеміз.
Салық кодексінің нормаларына сәйкес қолданылатын режим туралы хабарлама ұсыну мерзімі 01.01.2026- 28.02.2026 ж.ж. аралығында салық төлеуші кабинеті (КНП), «е-Salyq business» мобильді қосымшасы, ірі банктердің банк қосымшалары немесе орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларына қағаз жүзінде ұсынуға болады.
Ескертпе: Көрсетілген мерзім ішінде тиісті хабарламалар ұсынбаған салық төлеушілер, автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне ауыстырылады, режимнің басталуы 2026 жылдың 1 қаңтар болып табылады.

18 ақпан 2026 ж. 44 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728