Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық жұмыстары ұйымдастырылды

Тазалық жұмыстары ұйымдастырылды

Қазалы ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Аудан орталығы мен барлық ауылдық округтерде өткен сенбілікке мекеме-кәсіпорын қызметкерлері, еріктілер және аудан тұрғындары белсене қатысып, туған өлкенің тазалығына өз үлестерін қосты.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентінің әкімі Әліби Әбиевпен бірге аудан орталығындағы тазалық жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтарды аралап көріп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аудан басшысы жауапты тұлғаларға жиналған қоқыс қалдықтарын арнайы орындарға уақытылы шығару, санитарлық тазалықты жүйелі түрде жүргізу, қыс бойы қар астында қалған қалдықтар мен қураған шөптерді толық тазарту бойынша нақты тапсырмалар берді. Ортақ іске белсенді қатысқан тұрғындарға алғысын да білдірді.
Әйтеке би кентіндегі жүргізілген тазалық жұмыстары барысында кенттегі Т.Бөріқұлақов көшесінің бойындағы жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үйлердің аумақтарына, Әйтеке би кентіне кіре берістен бастап Бигбен сағаты мен «Алтын көпірге» дейінгі аралықтағы аумақтарға басымдық берілді.
Аудан көлемінде жүргізілген тазалық жұмыстары барысында жиналған қалдықтар арнайы техникалардың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды.
Аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен Сырдария өзеніндегі көктемгі су көтерілу кезеңіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аудан аумағындағы санитарлық тазалық мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті.
Жиында Сырдария өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты атқарылатын жұмыстар жан-жақты талқыланды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Көктөбе су бекеті арқылы облыс шекарасына секундына 850 текше метр су келуі күтілуде. Осы ретте аудан басшысы тиісті сала басшыларына су басу қаупі бар аймақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлдер жүйесі мен жайылымдық жерлерге суды тиімді бағыттау, қорғаныс бөгеттерін нығайту және инженерлік инфрақұрылымды ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Жағалауларды бекіту, бөгеттерді жөндеу, каналдар мен арықтарды тазалау, су өткізгіш құрылғыларды жаңарту жұмыстарын белгіленген жоспарға сәйкес сапалы әрі уақытылы жүргізуді қатаң тапсырды. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында эвакуациялық пункттердің дайындығы пысықтап, түсіндірме және оқу-жаттығу шараларын тұрақты өткізу қажеттігін атап өтті.
Мәжілістің күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар да қаралды. Аудан әкімі Әйтеке би кенті мен ауылдық округтердің санитарлық тазалығын сынға алып, бірқатар кемшілікті атап өтті.
Тазалық жұмыстарын жүйелеу, елді мекендердегі қоқыс мәселесін шешу, абаттандыру мен көгалдандыруды күшейту, заң талаптарын сақтамай, белгіленбеген орындарға қоқыс тастаған тұрғындарға қатысты әкімшілік шараларды күшейту қажеттігін ескертті.
Жол бойындағы санитарлық тазалық, әсіресе «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойындағы тазалық мәселесін қамтамасыз ету бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі барлық жауапты тұлғаларға берілген тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуы қатаң бақылауда болатынын ескертті.
***
Еліміз бойынша 23 наурызда Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясы басталды. Бұл бойынша табиғи су көздерін тазарту, бұлақтардың көзін ашу және өзен-көлдердің жағалауын абаттандыру мен 700-ден астам әлеуетті су нысандарын түгендеу жоспарланған болатын.
Қазалы ауданында маңызды акция аясында Сырдария өзенінің жағасында тазалық шарасы ұйымдастырылды. Акцияға аудандағы «ҚАЗСУШАР» Қазалы ауданындағы өндірістік учаскесі, «Арал-Сарбұлақ топтық су құбырларын пайдаланушы» Қазалы өндірістік бөлімшесі, Ә.Тыныбаев атындағы су торабы сынды су мекемелерінен 100-ден астам адам қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Өзен жағалауында өткен іс-шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, барша шараға қатысушыларды Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысуға, туған жер – ортақ үйіміздің тазалығына бірлесе атсалысуға шақырды. Ұйымдастырылған игі тазалық шаралары мен «Мөлдір бұлақ» акциясы табиғатқа құрметтің айқын көрінісі екенін айтты.
Аудан басшысынан кейін су шаруашылығы саласының ардагері Әлдебай Сисенов сөз сөйледі. «Мөлдір бұлақ» акциясы – табиғатты қорғауға деген жанашырлықтың белгісі, ұрпаққа үлгі болатын игі іс екенін жеткізді.
№182 мектептің 7-сынып оқушысы Шәкірат Нұриман «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы «Мөлдір бұлақ» апталығына қатысып, табиғатты аялау мен қоршаған ортаны таза ұстауды түйсінгендіктерін айтты.
***
Наурызнама онкүндігі аясындағы Тазару күніне орай тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, барша аудан жұртшылығы туған жердің тазалығына белсене атсалысты.
Тазалық акциясы аясында аудан ардагерлері, әйелдер және аналар кеңесі, жастар, орманшылар Әйтеке би кентіндегі Рәміздер алаңында, Қазалы қаласындағы орталық алаңда, ауылдық округтерде ағаш көшеттерін отырғызу шарасын ұйымдастырды.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов зиялы қауым өкілдерімен, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер және жастармен бірге аталған орындарда ағаш көшеттерін отырғызу акцияларына қатысты.
Тал егу акциясы барысында аудан басшысы алдымен жиылғандарды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады. Президентіміздің бастамасымен елімізде қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңызы, елімізде қабылданған Жаңа Ата заңымыз және өңірде атқарылып жатқан оң өзгерістер жайында сөз қозғап, барша қазалылықтарға тазалық шараларына белсене атсалысуға шақырды.
Экологиялық акциясы аясында аудан көлемінде тал егу жұмыстарынан бөлек, тазалық жұмыстарыда ұйымдастырылды. Ауданда өткен жаппай сенбілік жұмыстары барысында ауылдық округтермен қатар Әйтеке би кентінің Достық, Ғ.Мұратбаев, Р.Бағланова, Жанқожа батыр, Т.Бөріқұлақов көшелерінде және кенттің сырт жағындағы кіре беріс қақпа айналасы, «Қазақ қорымы» аумағында қоқыстарды теру және көктемгі тазалау жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, аудан көлемінде экологиялық акция аясында өткен тазалық жұмыстарына барлық елді мекендер бойынша 2200 адам, 15 техника жұмылдырылып 15,9 тонна қоқыс арнайы орынға шығарылды.
Ауданды көркейту-көгалдандыру мақсатында 1000 түп ағаш көшеттері отырғызылды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

28 наурыз 2026 ж. 37 0

Жас көшбасшы – ел үміті

28 наурыз 2026 ж. 52

Триумф төрінен табылған

28 наурыз 2026 ж. 41

Көктем – Қыз

28 наурыз 2026 ж. 33

Миллиондық жеткізілім

27 наурыз 2026 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031