Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтардың жаңа айласы: олар енді меморган өкілдерінің бейнесін қолданып, елді алдап жүр

Алаяқтардың жаңа айласы: олар енді меморган өкілдерінің бейнесін қолданып, елді алдап жүр

Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтықтың жаңа фактілері туралы ескертеді
Алаяқтардың жаңа айласы: олар енді меморган өкілдерінің бейнесін қолданып, елді алдап жүр
Фото:
istockphoto.com
Алаяқтар енді мемлекеттік орган өкілдерінің бейнесін қолдана отырып, «инвестордың табысы» туралы жалған видеолар таратып жатыр. Ақшаны қайтарып алмақ болғандар қайтадан тұзаққа түсуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілінің бейнесін пайдаланған дипфейк видеоларында «жәбірленуші инвестордың» жалған оқиғасы баяндалады. Сценарий бойынша, қаражатты салғаннан кейін, кірістің жоғарылап жатқаны көрсетіледі, бірақ ақшаны алу үшін комиссиялар, салықтар және «тексерістер» төлеу талап етіледі. Бірнеше аударымнан кейін де қаражатқа қол жеткізу бұғатталады.
Одан бөлек, бұғатталған ақшаны банк және реттеуші органдар арқылы мүмкіндігі айтылады да, қолданушыға көмекке жүгіну ұсынылады. «Толығырақ» батырмасы «халық заңгері» деп аталатын чатқа апарады, онда қаражатты қайтару туралы жалған хат алмасу көрсетіледі.
Сонымен қатар, алаяқтар агенттік атынан жалған сайттар жасап, онда «жәбірленушілердің ақшасын қайтару» туралы ақпарат жариялаған.
«Сілтемеге өту кезінде пайдаланушылардан сауалнама толтыру сұралады (мысалы, «ақшаңызды қанша уақыт бұрын жоғалттыңыз?» деген сұраққа жауап беру). Кейін жеке мәліметтер – аты-жөні, телефон нөмірі, электрондық пошта енгізіліп, «қайтару процесін бастау» батырмасын басу ұсынылады.
Осындай сайттардың бәрі, сауалнамалар және формалар алаяқтық схемасы екенін ескертеміз, олар азаматтардың жеке мәліметтерін жинап, қаражатты иемденуге бағытталған.
Ақпараттың шынайылылығын тексеру үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе өзіңіздің тұрғылықты жеріңіздегі Экономикалық тергеп-тексеру  департаментіне хабарласыңыз. Азаматтарды сақ болуға, ақпаратты ресми дереккөздерден тексеруге және алаяқтардың сақ болуға шақырамыз», – делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.



27 наурыз 2026 ж. 34 0

Миллиондық жеткізілім

27 наурыз 2026 ж. 35

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031