Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алимент төлеушілердің нақты кірістері анықталатын болады

Қазақстанда алимент төлеушілердің нақты кірістері анықталатын болады

Фото: freepik
ҚР Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Мақсат Балабеков 2026 жылғы 26 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте алимент төлеушілердің нақты кірістерін жасыруына қарсы бақылау күшейтілетінін хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Сарапшы атап өткендей, алимент қарыздарын өндіріп алу мәселесінің бір себебі – кірістерді жасыру. Кейде азаматтар формальды түрде минималды жалақы көрсетіп, сол бойынша алимент есептеледі.
"Бүгін адамның кірістерін интеграциялап, ашық түрде қараусыз, қарызды өндіріп алу немесе нақты табысын дәлелдеу мүмкін емес. Сол себепті қазіргі таңда Еңбек министрлігі мен Қаржы министрлігімен интеграция жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Мемлекеттік кірістер комитетімен қосымша мәліметтер – табыс, келісімшарттар туралы ақпарат алу қарастырылып отыр. Бұл нақты кірісті анықтауға және соған сәйкес сотқа арыз беруге мүмкіндік береді. Біз іс-шаралар жоспарын бекіттік, онда осы интеграция қарастырылған. Биыл басқа мемлекеттік органдармен де интеграциялауды жоспарлап отырмыз", – деді Мақсат Балабеков.
Бұған дейін Астанада ата-аналар 2,7 млрд теңге алимент қарызын өндірмегені хабарланған еді.
26 наурыз 2026 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031