Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді қасақана алимент төлемейтіндердің жасырын табысы Yandex арқылы анықталады

Енді қасақана алимент төлемейтіндердің жасырын табысы Yandex арқылы анықталады

Енді қасақана алимент төлемейтіндердің жасырын табысы Yandex арқылы анықталады
 Shutterstock
Кейбір борышкерлер ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелгенімен, іс жүзінде сандық платформалар, соның ішінде Yandex Taxi арқылы табыс табатыны анықталған, деп хабарлайды arainfo.kz
Алматы қаласының прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan компаниясы алимент төлеуден жалтару деректерін анықтау және балалардың құқықтарын қорғау бағытында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа қала прокуроры Серік Кәріпбеков пен компания басшысы Тимур Шалекенов қол қойды.
Прокуратура мәліметінше, кейбір борышкерлер ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелгенімен, іс жүзінде сандық платформалар, соның ішінде Yandex Taxi арқылы табыс табатыны анықталған. Алайда олар нақты кірістерін жасырып, алимент төлеуден жалтарып келген.
2025 жылы осындай 110 дерек тіркелді. Нәтижесінде 57 адамға әкімшілік шара қолданылып, 10 факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Жаңа келісім аясында тараптар заңды және жүйелі ақпарат алмасуды жолға қойып, кірістерді жасыру және алимент берешегінің пайда болу фактілерін жедел анықтауға әрі жолын кесуге ықпал етпек.
Меморандумның негізгі мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау және алименттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету. Бұл бастама мемлекет пен әлеуметтік жауапты бизнестің өзара іс-қимылының нақты көрінісі ретінде бағалануда.
05 ақпан 2026 ж. 188 0

Наградалар табысталды

10 сәуір 2026 ж. 111

Мал ұрлығына жол жоқ

10 сәуір 2026 ж. 158

Грант байқауы басталды

10 сәуір 2026 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930