Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік желіге тәуелділік: Google мен Meta-ға миллиондық айыппұл салынды

Әлеуметтік желіге тәуелділік: Google мен Meta-ға миллиондық айыппұл салынды

Әлеуметтік желіге тәуелділік: Google мен Meta-ға миллиондық айыппұл салынды
 istockphoto.com
Google мен Meta әлеуметтік желі тәуелділігі үшін миллиондаған өтемақы төлеуге міндеттелді
АҚШ-та 20 жастағы азаматтың Alphabet (Google және YouTube иесі) және Meta компанияларына қарсы түсірген шағымы бойынша сот шешімі жарияланды, деп хабарлайды
Jambylinfo.kz 
Сот бұл алпауыттарды әлеуметтік желілерге тәуелділік салдарынан келген психологиялық зиян үшін 4,2 миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұған қоса, компанияларға қосымша 1,8 миллион доллар көлемінде айыппұл салынды.
Талапкер бойжеткен YouTube пен Instagram платформаларының дизайны оның тәуелділігін күшейткенін алға тартқан. Алқабилер бұл сервистердің интерфейсін әзірлеу барысында компаниялар жеткілікті деңгейде жауапкершілік танытпағанын, сондай-ақ қолданушыларды ықтимал қауіптер жөнінде алдын ала ескертпегенін анықтады.
Өз кезегінде Meta мен Alphabet бұл шешіммен келіспейтінін мәлімдеп, оны қайта қарау үшін сотқа жүгінуге дайын екенін жеткізді.
26 наурыз 2026 ж. 279 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031