Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Meta ЛГБТ мазмұнындағы контенті бар аккаунттарды бұғаттауға кірісті

Meta ЛГБТ мазмұнындағы контенті бар аккаунттарды бұғаттауға кірісті

Фото: istockphoto.com
50-ден астам ұйым өздерінің парақшаларына қол жеткізу шектелгенін немесе олардың жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
The Guardian басылымының мәліметінше, Meta бүкіл әлем бойынша ЛГБТ-контенті бар аккаунттарды бұғаттап жатыр.
Соңғы апталарда Meta аборт жасау қызметін ұсынатын ұйымдарға және ЛГБТ-топтарға тиесілі ондаған аккаунтты өшірді немесе олардың қолжетімділігін шектеді. Аталған ұйымдар бұл жағдайға қатысты сын айтып жатыр. Алайда компания барлық айыптауларды жоққа шығарып, бұл цензураға қатысты емес екенін мәлімдеді.
«Біздің платформалардағы әрбір ұйым мен жеке тұлға бірдей ережелерге бағынады, ал қандай да бір топқа қатыстылық немесе насихаттау негізінде мәжбүрлі шара қолданылды деген кез келген шағым негізсіз», — делінген Meta хабарламасында.
Басылымның мәліметінше, аборт тақырыбындағы парақшалар мен ЛГБТ-аккаунттар ғана емес, жалаңаш дене бейнеленген жазбалар да бұғатталған.


12 желтоқсан 2025 ж. 334 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930