Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның үш облысындағы су қоймаларында шағын СЭС салынады

Қазақстанның үш облысындағы су қоймаларында шағын СЭС салынады

Фото: Freepik.com
Қазақстанда су қоймалары базасында шағын су электр станцияларын салу жобалары әзірленіп жатыр. Ақпаратты Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомоство мәліметінше, “Қазсушар” мекемесі Қарағанды облысындағы Самарқанд, Ақтөбе облысындағы Қарғалы және Абай облысындағы Қаракөл су қоймаларында шағын СЭС салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы дайындап жатыр. Қазір бұл үш жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.
Сонымен қатар тағы бес нысан бойынша құжаттама әзірлеу жоспарланған. Оның үшеуі жеке инвесторларды тарту арқылы жүзеге асырылмақ.
Аталған жұмыстар 2023 жылғы қыркүйект қабылданған “Қазсушар” РМК-ның гидротехникалық құрылыстарында шағын СЭС-ті дамыту жөніндегі Жол картасы аясында жүргізіліп отыр. Қазір ел бойынша шағын гидроэнергетика нысандарын орналастыруға қолайлы 29 нысан анықталған.
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхановтың айтуынша, Жол картасын іске асыру нәтижесінде “Қазсушар” қарамағындағы гидротехникалық нысандарда өндірілетін электр энергиясының жылдық көлемі 30 МВт-қа дейін жетеді.
“Қазір кәсіпорын теңгерімінде үш шағын СЭС жұмыс істеп тұр. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев гидроторабында, Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында және Қорғас өзеніндегі “Достық” гидроторабында орналасқан”, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

26 наурыз 2026 ж. 106 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031