Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдің үш өңірінде шағын су электр станциялары салынады

Елдің үш өңірінде шағын су электр станциялары салынады

Елдің үш өңірінде шағын су электр станциялары салынады
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын су электр станцияларын (СЭС) салу бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр. Қазіргі уақытта үш жоба да мемлекеттік сараптамадан өтуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ тағы бес нысан бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеу жоспарланып отыр. Оның ішінде үш жоба жеке инвесторларды тарту арқылы жүзеге асырылады.
Бұл жұмыстар былтыр қыркүйек айында қабылданған «Қазсушар» РМК-ның гидротехникалық құрылысжайларында шағын СЭС дамыту жөніндегі Жол картасы аясында жүргізілуде. Қазіргі таңда шағын СЭС орнатуға жарамды 29 нысан іріктеліп алынған.
«Жол картасын іске асыру нәтижесінде «Қазсушар» РМК-ның гидротехникалық нысандарында жыл сайын өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемі 30 МВт-қа жетеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын теңгерімінде үш шағын СЭС бар. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев гидроторабында, Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында және Қорғас өзеніндегі «Достық» гидроторабында орналасқан», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Еске сала кетейік, еліміздің су тасқыны қауіпті учаскелеріне мониторинг жүргізілді.
26 наурыз 2026 ж. 213 0

Қытайда жер сілкінді

20 қазан 2026 ж. 65

Қытайда жер сілкінді

20 қазан 2026 ж. 63

Шұғыла – шаттық мекені

20 қазан 2026 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031