Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада егістікке су жеткізу көрсеткіші 90%-дан асты

Қызылордада егістікке су жеткізу көрсеткіші 90%-дан асты

Фото: Pixabay.com
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы қажетіне жоспарланған судың 90,5%-ы алынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бүгінгі таңда өңір бойынша жалпы су алу көлемі 3,03 млрд текше метр, ал жоспарланған көрсеткіш - 3,35 млрд текше метр. Қалған 9,5% су суару маусымы аяқталғанға дейін алынады.
Қазіргі уақытта облыста су бес магистральдық және үш шаруашылықаралық канал арқылы кезекпен беріліп жатыр. Бүгінде өңірдегі егістіктердің 98%-ы кезекпен суарылуда.
Қызылорда облысындағы егістік алқаптарына су беруді жақсарту мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі ирригациялық каналдарға жылжымалы сорғы қондырғыларын орнату жұмыстарын жүргізді. Барлығы 324 агрегат орнатылды.
«Қызылорда облысындағы «Қазсушар» филиалы жергілікті диқандармен су беру бойынша 1 015 келісімшарт жасасты. Қазір өңірде министрліктің жұмыс тобы суармалы судың әділ бөлінуіне мониторинг пен тұрақты бақылау жүргізіп жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.
Қазақстанның оңтүстігінде вегетация кезеңі биыл 20 күнге ерте басталғанын еске сала кетейік. Бұған жоғары температура мен жауын-шашынның болмауы себеп болды.
04 тамыз 2025 ж. 143 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031