Күйзеліс қатерлі ісік ауруын тудырады: Ғалымдар кең тараған пікірді жоққа шығарды
Фото: freepik.comҒалымдар қатерлі ісіктің пайда болу себептері туралы кең тараған мифті жоққа шығарды. Айтуларынша, күйзеліс өзі көп жағдайда қатерлі ісік (рак) даму қаупін арттырмайтынын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Cancer журналында жарияланған ірі зерттеуде 421,8 мың адамның деректері қамтылған. Ғалымдар стресс ретінде жиі қабылданатын түрлі психологиялық және әлеуметтік факторлардың ракқа әсерін талдады. Олардың ішінде жақын адамынан айырылу, әлеуметтік қолдаудың аз болуы, жалғыздық, мазасыз мінез (нейротизм) және жалпы психологиялық күйзеліс бар.
Нәтижесінде, жалпы ракқа, сондай-ақ сүт безі, простата, ішек және басқа да көптеген ісік түрлеріне стресс пен тікелей байланыс табылмаған. Тек өкпе обырына қатысты әлсіз байланыс байқалған. Бірақ темекі шегу мен өмір салты сияқты негізгі қауіп факторлары ескерілгенде, бұл байланыс айтарлықтай төмендеген.
Зерттеушілердің айтуынша, бұл нәтижелер "стресс немесе уайым рактың басты себебі" деген кең тараған пікірді растамайды. Керісінше, бұл деректер ауыр жағдайлар немесе ұзақ күйзеліс үшін өзін кінәлайтын адамдарға маңызды болуы мүмкін.












