Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер су басу қаупі жоғары өңірлерді атады

Синоптиктер су басу қаупі жоғары өңірлерді атады

«Қазгидромет» шұғыл ескерту жариялады
Синоптиктер су басу қаупі жоғары өңірлерді атады
Фото: © istockphoto.com
«Қазгидромет» мамандары алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасының күрт жылынуына байланысты шұғыл ескерту жариялады. 23-30 наурыз аралығында қардың қарқынды еруі мен өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шығыс Қазақстан өңірлерінде 23-25 наурыз аралығында күндізгі температура +10°C дейін көтеріледі. Оған қоса 24 наурызда жауын-шашын күтілуде.
Қауіпті өңірлер: Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстік, солтүстік және шығыс аудандары.
Салдары: Қардың қарқынды еруі.
Болжам: Судың жайылуы мен елді мекендерді су басу қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысында жағдай күрделірек болуы мүмкін. Мұнда 24-30 наурыз аралығында ауа райы жылынып, термометр бағаны +22°C дейін барады.
1. Орал қаласы, Бәйтерек, Тасқала, Теректі, Бөрілі және Шыңғырлау аудандары (+20°C дейін);
2. Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақала, Қазталов, Ақжайық, Сырым және Қаратөбе аудандары (+22°C дейін).
«Түнгі температураның 0 градустан жоғарылауы мен нөсер жаңбырдың салдарынан еріген қар суы өзен арналарын толтырып, деңгейдің күрт көтерілуіне әкеп соғады», — дейді синоптиктер.



23 наурыз 2026 ж. 196 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031