Жаңбыр, қар және найзағай: 23 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады
Pixabay.com"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Метеорологтардың мәліметінше, жексенбі күні еліміздің бірнеше өңірінде жауын-шашын түседі. Қазақстанның батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Оңтүстік облыстардың тау бөктері мен таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Еліміздің батысы мен оңтүстігінің кей жерлерінде найзағай болуы да ықтимал.
Ал қалған өңірлерде айтарлықтай жауын-шашын түспейді, негізінен құрғақ ауа райы сақталады. Сонымен қатар республика бойынша қолайсыз ауа райы құбылыстары болуы мүмкін. Кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік пен орталық өңірлерде көктайғақ болады. Сондай-ақ желдің екпіні күшейеді деп болжанып отыр.
КОНТЕКСТ
Синоптиктер бұған дейін Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескерткен еді.













