Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 17 наурызға арналған ауа райы болжамы

17 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 17 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, оңтүстік жартысында көбінесе жаңбыр түрінде, оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тек республиканың солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР бойынша желдің күшеюі байқалады, тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Республиканың оңтүстігінде найзағай ойнайды», - делінген хабарламада.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, жолдарында көктайғақ болады, облыстың оңтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының таулы, тау бөктері аудандарында тұман түседі, найзағай ойнайды, батысында, солтүстігінде, облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, солтүстігінде, шығысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Костанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұма түсіп, оңтүстігінде көктайғақ болады, күндіз солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, облыстың шығысында 15-20 м/с жел күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, Атырау облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
17 наурыз 2022 ж. 519 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930