Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Пластик қалдықтары Паркинсон ауруына қарсы дәрі жасауға пайдаланылмақ

Пластик қалдықтары Паркинсон ауруына қарсы дәрі жасауға пайдаланылмақ

Ғалымдар пластиктен дәрі жасап шығарды
Фото:
Freepik.com
Эдинбург университетінің ғалымдары пластик қалдықтарын Паркинсон ауруына қарсы қолданылатын дәрілік затқа айналдырудың жаңа тәсілін ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Зерттеу барысында мамандар ішек таяқшасының арнайы өзгертілген бактерияларын пайдаланған. Олар алдын ала ыдыратылған пластикті қорек ретінде қабылдап, оны өңдеу кезінде биохимиялық реакция арқылы ерекше қосылыс түзеді. Бұл қосылыс Паркинсон ауруымен ауыратын науқастарда дофамин тапшылығын толықтыру үшін қажет.

Ғалымдардың айтуынша, бұл әдіс медицина саласында ғана емес, экология мәселесін шешуде де маңызды рөл атқаруы мүмкін. Себебі жыл сайын әлемде шамамен 50 миллион тонна пластик қалдықтары жиналады. Олардың көпшілігі қоқыс полигондары мен мұхиттарда шоғырланып, қоршаған ортаға зиян келтіреді.
Қазір жаңа технология зертханалық сынақ кезеңінде. Мамандар болашақта бұл әдіс кеңінен қолданылып, пластик қалдықтарын қайта өңдеудің тиімді жолына айналады деп үміттенеді.
19 наурыз 2026 ж. 167 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031