Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент бастамасы – халық таңдауы

Президент бастамасы – халық таңдауы

Мемлекет басшысының бастамасымен Ата Заңға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс қоғамда кеңінен талқыланды. Бұл бастама ел ішіндегі көптеген сарапшылар мен заңгерлердің сүзгісінен өтіп, жан-жақты сараланды. Халықтың пікірін ескере отырып, 15 наурыз күні бұл маңызды мәселе жалпыхалықтық референдумға шығарылды.
Референдумның Наурыз мерекесі қарсаңында өтуі оның маңызын арттыра түсті. Көктемнің жаңаруымен қатар келген бұл саяси маңызды күн біздің ауданда ерекше мерекелік көңіл күйде өтті. Аудан тұрғындары референдум учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасап қана қоймай, ұйымдастырылған мәдени және қоғамдық шараларға да белсене қатысты.
Мереке аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тұрғындарға жергілікті өнімдер ұсынылды. Референдум учаскелерінің алдында ұлттық дәстүрімізді насихаттайтын этноауылдар тігілді. Онда халқымыздың салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі көрініс тауып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
Сондай-ақ аудан өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламалары ұсынылды. Спорттық ойындар ұйымдастырылып, жастар арасында қызықты жарыстар өтті. Сонымен қатар кітап көрмесі мен қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылып, ұлттық өнер мен мәдениеттің үлгілері дауыс берушілердің назарына ұсынылды.
Мұндай шаралардың барлығы тұрғындардың референдумға белсенді қатысуына ықпал етті. Шынында да, дауыс беруге келген халықтың қарасы көп болды. Аудан тұрғындары бұл саяси маңызды науқаннан тыс қалмай, өз азаматтық ұстанымдарын білдіріп, белсенді таңдау жасады.
Бұл – халқымыздың саяси сауаты мен қоғамдық белсенділігінің артып келе жатқанын көрсетеді.
Референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, халықтың кең қолдауымен өтті. Бұл күн ел өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі ретінде есте қалары сөзсіз.

Оразғали Бекпанов,
Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
16 наурыз 2026 ж. 45 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031