Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРДІ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРДІ


Қазалы ауданында бүгін 38 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Мұнда 46 714 дауыс беруші тіркелген. Тұрғындар таңғы сағат 7.00-ден бастап өз таңдауларын жасап, белсенділік танытуда.

Таңертеңнен бастап аудан орталығындағы әрбір референдум учаскелерінің алдында халық қарасы қалың. Олардың барлығы да референдумда өз таңдауларын жасауға асығуда.

Елімізде өткізілетін саяси науқандардан қалмай дауыс беретін аудан тұрғындарының қатарында медицина саласының ардагері Сержанқожа Берденұлы да бар. Бұл жолғы саяси науқанға денсаулығына байланысты бара алмаған ақсақалдың шаңырағына референдум учаскесінің мүшелері арнайы жәшік пен бюллетеньді апарып, дауыс беруге мүмкіндік жасады.

Ақсақал Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес өтіп жатқан референдум елдің жарқын болашағына бағытталған іс екендігін айтып, барша ел азаматтарын саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырды.
Учаске мүшелеріде ардагерге құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты.
15 наурыз 2026 ж. 124 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930