Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ САМҰРАТ ИМАНДОСОВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ САМҰРАТ ИМАНДОСОВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының және Қазалы ауданының құрметті азаматы, «Құрмет», «Парасат», І және ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы Самұрат Жұманұлы Имандосов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
Қоғам қайраткері жұбайымен бірге Әйтеке би кентіндегі Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі ғимаратында орналасқан №59 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді.
Дауыс бергеннен кейін ол ел өміріндегі маңызды саяси науқанның маңызына тоқталып, өз пікірін білдірді.
– «Конституция – тәуелсіз еліміздің берік іргетасы, мемлекетіміздің басты құжаты. Ата заңымыз елдің тұрақтылығы мен дамуының негізін айқындайды. Бүгінгі референдум – халықтың пікірін ескеріп, ел болашағын бірге айқындайтын маңызды қадам. Әрбір азамат осындай саяси науқанда белсенділік танытып, өз таңдауын жасауы қажет деп есептеймін. Мен де ел дамуына бейжай қарамай, азаматтық парызымды орындап, дауыс беруге келдім», – деді Самұрат Жұманұлы.
Айта кетейік, бүгін елімізде өтіп жатқан республикалық референдумға қазалылықтар белсенді қатысып, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлестерін қосуда.
15 наурыз 2026 ж. 318 0

Қытайда жер сілкінді

20 қазан 2026 ж. 55

Қытайда жер сілкінді

20 қазан 2026 ж. 54

Шұғыла – шаттық мекені

20 қазан 2026 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031