Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Референдум бюллетеньдері алдын ала таратылып жатыр": Қауесетке Орталық сайлау комиссиясы жауап берді

"Референдум бюллетеньдері алдын ала таратылып жатыр": Қауесетке Орталық сайлау комиссиясы жауап берді

Фото: Depositphotos.com
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 13 наурыз күні өткен ведомство отырысында референдум бюллетеньдері сайлаушылардың үйлеріне алдын ала таратылып жатыр деген қауесетке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мұндай ақпаратты жедел түрде жоққа шығарғаны үшін мәдениет және ақпарат министрлігіне алғыс айтты.
"Сайлау бюллетеньдерін сайлаушылардың пәтерлеріне алдын ала таратып жатыр деген қауесеттер тарады. Жалған ақпаратты дипфейктерге қарсы күрес орталығы арқылы дер кезінде тоқтатқандарыңыз үшін рахмет. Жедел қабылданған шаралардың арқасында бұл ақпаратқа тиісті баға берілді. Мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес. Қауесетті бірден тоқтату дұрыс шешім болды", – деді Нұрлан Әбдіров.
Оның айтуынша, мұндай жағдайдың болуы заңға өрескел қайшы болар еді.
"Процедура нақты белгіленген. Бюллетеньдер қатаң есепке алынатын құжаттар. Әр бюллетеньнің өз реттік нөмірі бар және олар типографиядан арнайы қорғаныс деңгейімен шығарылады. Бюллетеньдер полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен аумақтық сайлау комиссияларына жеткізіледі. Дауыс беру күніне үш күннен бір күнге дейін қалған кезде ғана заңға сәйкес сайлау учаскелеріне жеткізіледі. Осы уақыттың бәрінде олар полицияның күзетінде болады. Сондықтан мұндай жалған ақпарат өте қауіпті", – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.
Еске салайық, кейінгі кездері Қазақстанда Конституциялық реформалар мен заңнамалық өзгерістерге қатысты қоғамда белсенді талқылау жүріп келеді. Әсіресе әлеуметтік желіде ресми құжаттардың мазмұнына қатысты түрлі пікірлермен қатар, шындыққа сәйкес келмейтін немесе бұрмаланған ақпараттар да тарай бастады. Билік өкілдері мұндай ақпараттар қоғамда түсінбеушілік пен әлеуметтік шиеленіс тудыруы мүмкін екенін айтып, жалған мәліметтермен күресті күшейту қажеттігін бірнеше рет көтерген. Осыған байланысты мемлекеттік органдар жаңа Конституция жобасының мазмұнын халыққа кеңінен түсіндіру және жалған ақпараттың алдын алу жұмыстарын күшейтуді қолға алып отыр.
13 наурыз 2026 ж. 76 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031