Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум: Дауыс беруге құқығы бар азаматтарға ерекше көңіл бөлініп отыр

Референдум: Дауыс беруге құқығы бар азаматтарға ерекше көңіл бөлініп отыр

Фото: iacis.ru
Орталық референдум комиссиясының отырысында үш мәселе қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстанда АЭС салу жөніндегі республикалық референдумға 30 шет мемлекеттен 75 және 4 халықаралық ұйымнан 102 байқаушы ресми түрде қатысатынын, барлығы 177 байқаушы екенін жеткізді.

Халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялығына, мемлекет тарапынан міндеттемелердің сақталуына ықпал етеді. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттермен сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруымыздың дәлелі, - деді орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сондай-ақ алдағы науқанға қатысушылардың дауысы маңызды екенін ескере отырып, дауыс беруге құқығы бар азаматтардың әрқайсысын референдумға жеке-жеке шақыруға ерекше көңіл бөлініп отырғанын жеткізді.

Шақырудың бірыңғай үлгісін біз аумақтық референдум комиссияларымен бірлесіп әзірледік. Дауыс беруші азаматтарды референдумға арнайы шақыру тікелей учаскелік референдум комиссияларының мүшелерінің міндеті, - деді Нұрлан Әбдіров.
01 қазан 2024 ж. 123 0

Жәнібектің жетістігі

23 мамыр 2025 ж. 34

Компания көлік сыйлады

23 мамыр 2025 ж. 44

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031