Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлауда бюллетеньдер қандай болатынын мәлімдеді

Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлауда бюллетеньдер қандай болатынын мәлімдеді

Орталық сайлау комиссиясының отырысында парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау бюллетеньдеріне қатысты қаулы қабылданды, деп хабарлайды.zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстанфина бюллетеньдер бойынша ақпарат берді. Артынша ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров алдағы сайлауда бюллетеньдер әртүрлі болатынын, бірақ өте оңай толтырылатынын мәлімдеді.
"Қарапайым түрде айтар болсақ, біз бюллетеннің пішінін өзгертеміз. Негізі ол бұрынғы пішінінде қалады. Тек оның саны еселенеді. Сонымен қатар, біз А4 форматындағы қағазды А5 форматында қолдансақ, ыңғайлы болатынын, мәтін де сыйымды болатынын байқадық. Оның бір жағына мысалы 7 партияның атауы және белгі қоятын орын болады, ал екінші жағында қалай белгілеу туралы нұсқау көрсетіледі. Бір мандатты округтер бойынша айтсақ, бюллетеннің бір жағына 16 фамилия сыйып кетеді. Егер тізім 16 адамнан асса, онда бюллетень кеңейтіледі. Сондықтан бізде сайлау жәшігінде қағаз көп болады", - деді ОСК төрағасы.
Көзі нашар көретін азаматтар үшін сайлау учаскелерінде арнайы орындар ұйымдастырылады.
Сайлау бюллетеньдеріне қатысты қаулыны қабылдауға комиссия бір ауыздан дауыс берді. Бюллетень бойынша қаулы қабылдады. Сөз соңында ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров ОСК аппаратына қабылданған қаулыға сай сайлау бюллетеньдерін дайындауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Сайлау бюллетеньдері келесідей ерекшеленеді:
Парламент мәжілісі депуттаттарын сайлау бюллетені көгілдір түсті, пішіні А5 форматында болады.
Бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын парламент мәжілісі депутаттарын сайлау бюллетені жасыл түсті, А5 форматында болады.
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын облыстардың, республикалық мваңызы бар қалалардың және Астананың мәслихаттары депутаттарын сайлау бюллетені қызылкүрең түсті А5 форматында болады.
Бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын облыстардың, республикалық мваңызы бар қалалардың және Астананың, сонымен қатар облыстық маңызы бар қалалар мен аудандарының мәслихат депутаттарын сайлау бюллетені екі жақты, қызғылт сары және сұр түсті, А5 форматында болады.
27 ақпан 2023 ж. 334 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930