Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтардың республикалық референдумға қатысу құқығы қатаң сақталуы тиіс

Азаматтардың республикалық референдумға қатысу құқығы қатаң сақталуы тиіс

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабының 2 және 3 тармақтарына сәйкес,  Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. 
Дегенмен, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында қамауға алынған, бірақта сот үкімі шықпаған азаматтардың республикалық референдумға қатысуға құқықтары бар.
"Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 5 бабына сәйкес, Референдумға қатысу құқығы тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез-келген өзге жағдаяттарға қарамастан Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарына берiледi.
Жоғарыдағылардың негізінде, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі тарапынанҚызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің № 68 мекемесіне барып, Тергеу изоляторындағы №235дауыс беру учаскесінде азаматтардың республикалық референдумға қатысуға құқығына қол жеткізуіне мониторинг жүргізді. 
Қазіргі таңда тергеу изоляторында 262 адам қамауда, оның 160-сыреферендумда дауыс беруге қатысуға құқығы бар. Дауыс беру құқығы бар тұлғалар саны, заңды күшіне енген соттың үкімдеріне байланысты күнделікті өзгеруде.
Берікбол Байхожаев,
Қазақстан Республикасындағы 
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 
Қызылорда облысы бойынша өкілі
11 наурыз 2026 ж. 171 0

Қазақстанда күн жылынады

11 наурыз 2026 ж. 164

Қазақстанда күн жылынады

11 наурыз 2026 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031