Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға барлығы 24 тұрғын келіп, өздерінің ұсыныс-пікірлері мен өтініш-тілектерін жеке-жеке жеткізді.
Тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй кезегі, тұрақты жұмысқа орналасуға қатысты мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, кәсіпкерлік мақсаттағы жер алу, жер кезегі, әлеуметтік көмек көрсету, кент көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу, тұрғын үйлерге газ кіргізу сынды өзекті мәселелер де айтылды.
Аудан басшысы жұмыссыздық мәселесі бойынша мамандықтарға сәйкес сұраныс болған жағдайда бос жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігін түсіндірді. Сондай-ақ, кейбір азаматтарға қоғамдық жұмыс арқылыда жұмыс жасауға мүмкіндік барын жеткізді.
Ал тұрғын үй кезегі бойынша бүгінгі таңда ауданда халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамту бойынша жұмыстардың қарқынды жүргізіліп жатқандығын айтып, кезектілікке сәйкес баспанаға қол жеткізетіндерін айтты. Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі Қ.Сәтбаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу және көшеге жасанды кедергі орнату мәселесі бойынша жүгінген тұрғынға аталған көшеге тиісті мамандармен бірге барып көретіндігін жеткізді. Басқа да мәселелер бойынша да тиісті заңдылықтарға сәйкес жұмыстар жасалатынын айтып, соған сәйкес жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Еске салайық, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
11 наурыз 2026 ж. 309 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930