Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Электрсамокаттарға мемлекеттік нөмір беріледі: Жаңа ереже бекітілді

Электрсамокаттарға мемлекеттік нөмір беріледі: Жаңа ереже бекітілді

Фото: Pexels.com
Ішкі істер министрлігі электрсамокаттарға мемлекеттік тіркеу нөмірін беру тәртібін бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы №158 бұйрығы “Электрсамокаттарды жалға беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің электр самокаттарға тіркеу нөмірін беру және есепке алу қағидаларын, сондай-ақ оның нысаны мен үлгісін бекіту туралы” құжаты “Параграф” ақпараттық жүйесінде жарияланды.
Бұйрыққа сәйкес, электрсамокаттарды жалға беру операторлары олардың тіркеу нөмірлерін есепке алып отырады.
“Тіркеу нөмірі электрсамокат пайдалануға берілгенге дейін оператор тарапынан жеке түрде беріледі. Нөмір бір латын әрпі мен бес цифрдан тұрады”, – делінген құжатта.
Латын әрпі анықталғаннан кейін жалға беру операторы бұл туралы өз шешімін басқа операторларға жазбаша түрде хабарлауға тиіс.
Реттік нөмір 00001 санынан бастап үздіксіз тәртіппен беріледі және біртіндеп өсіп отырады.
Операторлар қандай деректерді есепке алуы тиіс
Жалға беру операторлары әрбір тіркеу нөмірін есепке алуға міндетті. Онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
самокаттың маркасы, моделі және шығарылған жылы;
сериялық нөмірі;
пайдалануға енгізілген және пайдаланудан шығарылған күні;
техникалық қызмет көрсету және жөндеу туралы ақпарат;
берілген тіркеу нөмірі.
Егер электрсамокат пайдаланудан шығарылса, оның тіркеу нөмірі оператордың есебінде сақталады және басқа электрсамокатқа қайта берілмейді.
Сондай-ақ құжатта тіркеу нөмірінің қандай материалдан жасалатыны да көрсетілген. Нөмір механикалық зақымға, ылғалға, ультракүлгін сәулеге және температураның өзгеруіне төзімді материалдан жасалуға тиіс. Сонымен қатар оның үстінде жарық шағылыстыратын жабын болуы қажет.
Егер нөмірлік белгі бүлінсе немесе жоғалса, оператор оны әріптік-сандық белгісін өзгертпей жаңасына ауыстыруға міндетті.
Нөмір қай жерге орналастырылады
Тіркеу нөмірі электрсамокаттың бірнеше жеріне орналастырылуға тиіс:
артқы бөлігінде, артқы дөңгелектің үстінде;
рөл тірегінің сол жағында;
руөл тірегінің оң жағында.
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электрсамокаттарды пайдалану тәртібі қатаңдайтыны хабарланған еді. Жаңа талаптарға сәйкес, жалға берілетін самокаттарға міндетті сақтандыру мен тіркеу нөмірі енгізіліп, тротуармен жүруге тыйым салынады.
10 наурыз 2026 ж. 46 0

Үш облыста жол ашылды

10 наурыз 2026 ж. 91

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031