Жүргізуші куәлігін және мемлекеттік нөмірлерін дайындау қанша тұрады?
Фото: Kolesa.kz
ҚР Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 24 маусымдағы бұйрығымен көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау саласындағы көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұйрыққа сәйкес құжаттарды дайындау құны (ҚҚС-сыз):
жүргізуші куәлігі – 4 367 теңге;
көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – 2 250 теңге;
мемлекеттік тіркеу нөмірлері – 3 923 теңге (бір жиынтыққа);
"ТРАНЗИТ" мемлекеттік тіркеу нөмірлері – 126 теңге;
Сондай-ақ құжатта құжаттаманы өндіру жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу, есепке алу процестерін автоматтандыру, ішкі істер органдарына арналған бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, енгізу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды автоматтандыруға кететін шығындар 747 563 358 теңге сомасында белгіленді.
Бұл қызметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" РПБ жанындағы РМК көрсетеді.
Көліктердің қайталанатын нөмірлерін жылдам шығару қанша тұратынын айттық.