Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты

Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты

Reuters
6 наурыз, жұма күні мамыр айында жеткізілетін Brent мұнайының бағасы 2024 жылдың сәуірінен бері алғаш рет 90 доллардан жоғары саудаланды.
Ирандағы соғысқа байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсіп, 2022 жылдан бері алғаш рет барреліне 100 доллардан асты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com-ға сілтеме жасап.
Бағаның қымбаттауына Ормуз бұғазы ұзақ уақытқа жабылып қалуы мүмкін деген қауіп негізгі себеп болып отыр.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, 9 наурыз күні Лондон биржасында еуропалық эталон саналатын Brent маркалы мұнай фьючерстері сауда барысында 26 пайызға дейін қымбаттап, барреліне 116,6 долларға жетті.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында америкалық WTI мұнайының фьючерстері 26,5 пайызға өсіп, барреліне шамамен 115 доллар болды.
6 наурыз, жұма күні мамыр айында жеткізілетін Brent мұнайының бағасы 2024 жылдың сәуірінен бері алғаш рет 90 доллардан жоғары саудаланды. Ал Иранға қарсы әскери операция 28 ақпанда басталғанға дейін бір баррель мұнай шамамен 70 доллар тұрған.
Ормуз бұғазының маңызы
Нарықтағы басты алаңдаушылық — Ормуз бұғазының жабылып қалу қаупі. Бейбіт уақытта бұл бағыт арқылы әлемдік мұнай тасымалының шамамен 20 пайызы өтеді. Сонымен қатар бұғаз Катардан сұйытылған табиғи газ жеткізу үшін де маңызды.
Әлемдік мұнай нарығындағы жағдай шиеленіскен тұста АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Вашингтон танкерлерге тиеліп қойған ресейлік мұнайға қатысты санкцияларды уақытша жұмсартуды қарастырып жатқанын мәлімдеді.
Сол күні АҚШ Үндістанның мұнай өңдеу зауыттарына ресейлік мұнайды сатып алуға қойылған шектеуді 30 күнге уақытша алып тастады. Бұл шешім мұнайдың әлемдік нарыққа жеткізілуін тоқтатпау үшін қабылданған.
Ирандағы мұнай нысандарына соққы жасалды 
7 наурызда Израиль алғаш рет Иранның мұнай инфрақұрылымына әуе соққыларын жасады. Тегеран мен оның маңындағы бес энергетикалық нысан шабуылға ұшыраған.
Бұған жауап ретінде Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) Парсы шығанағындағы елдердің мұнай нысандарына соққы беруі мүмкін екенін ескертті.
The Guardian басылымының жазуынша, КСИР өкілі:
«Егер мұнайдың бір баррелі 200 доллардан асуына дайын болсаңыздар, онда бұл ойынды жалғастыра беріңіздер», — деген.
10 наурыз 2026 ж. 35 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031