Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қосшыңырауда Конституциялық реформаның негізгі бағыттары талқыланды

Қосшыңырауда Конституциялық реформаның негізгі бағыттары талқыланды

Фото: Қосшыңырау ауылдық округі
Қосшыңырау ауылдық округі тұрғындарымен өңірлік және қалалық коалиция өкілдерінің кездесуі өтті. Жиында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, тұрғындармен ашық форматта пікір алмасу ұйымдастырылды.
Кездесуге Ибадулла Құттықожаев, Сайлаубай Әбішев, Бақытбек Алпыспаев, Гүлшат Мұсаева, Абайбек Жүнісов, Дәурен Сейтжанов және Әбунасыр Алдабергенов қатысып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Жиын барысында қатысушыларға 15 наурызда өтеді деп жоспарланған республикалық референдум туралы ақпарат беріліп, ұсынылып отырған Конституция жобасының негізгі бағыттары түсіндірілді.
Кездесу кезінде сөз алған Ибадулла Құттықожаев Конституцияның мемлекет пен қоғам дамуын айқындайтын негізгі құжат екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ата заң жобасында саяси-құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістер қарастырылған.
Сондай-ақ, жиында Сайлаубай Әбішев пен мәдениет және өнер саласының өкілі Бақытбек Алпыспаев сөз сөйлеп, Конституция жобасында көрсетілген адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелері туралы пікірлерін білдірді.
Кездесу соңында тұрғындар өз ой-пікірлерін айтып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар алды.

06 наурыз 2026 ж. 62 0

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031