Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Белкөл кентінде Конституция жобасы таныстырылды

Белкөл кентінде Конституция жобасы таныстырылды

Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде өңірлік коалиция өкілдері тұрғындармен кездесу өткізді. Жиында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге облыстық мәслихат депутаты Жорабек Нұрымбетов, аумақтық коалиция жетекшісі Ибадулла Құттықожаев және коалиция мүшелері Мейрамбек Есжанов, Талғат Мақаш пен Берік Шайнұров қатысты.
Аумақтық коалиция жетекшісі Ибадулла Құттықожаев жаңа Конституция жобасында қоғам пікірін ескеретін институттар – Құрылтай мен Халықтық кеңес енгізілгенін атап өтті. Ол бұл құрылымдардың мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты қамтамасыз етуге арналғанын, азаматтардың ұсыныстары мен бастамаларын талқылайтын алаң болатынын айтты.
Кездесу барысында кент тұрғындары инфрақұрылымды жаңғырту, білім мен әлеуметтік қызмет сапасын арттыру мәселелерін көтерді. Тұрғындар сондай-ақ жаңа Конституция жобасында азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерінің нақты бекітілуін қолдайтынын атап өтті.
Коалиция өкілдері Конституция жобасында әлеуметтік құқықтарды қорғау, кәсіпкерлікті қолдау, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру және қоғамдық бақылауды күшейту бағытында нормалар қарастырылғанын жеткізді. Кездесу соңында қатысушылар алдағы референдумға қатысты ақпаратпен қамтамасыз етіліп, сұрақтарына жауап алды.
05 наурыз 2026 ж. 179 0

Шипа мен үйлесім жолында

20 маусым 2026 ж. 47

Қауіпке қарсы қамданыс

20 маусым 2026 ж. 36

XXI ғасырдағы Арал теңізі

20 маусым 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930