Аудан әкімінің құттықтауы
Ардақты аналар, аяулы арулар!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – әлемге мейірім мен жылулық сыйлайтын, отбасының ұйытқысы болып, қоғамөмірінің барлық саласында табысты еңбек етіп жүрген асыл жандарға көрсетілетін айрықша құрметтің белгісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаев өз сөзінде: «Әйелдерге жан-жақтыжағдайжасау, олардың құқығын қорғау және отбасы институтын нығайту – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы», – деп ерекше атап өткен болатын. Бұл – елімізде әйелдердің мәртебесін арттыруға, олардың қоғамдағы рөлін нығайтуға әрдайым айрықша көңіл бөлініп отырғанының айқын көрінісі.
Бүгінде елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар мен жаңғырулар да халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Соның ішінде мемлекетіміздің бастықұжаты – Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында қабылданып жатқан өзгерістер мен жаңашыл бастамалар қоғам дамуына жаңасерпінберуде. Мемлекетбасшысыныңбастамасымен 15 наурызда өтетін маңызды саяси науқан – республикалық референдум ел бірлігін нығайтып, демократиялық құндылықтарды одан әрі дамытуға жол ашатынына сенімдіміз. Мұндай тарихи кезеңдерде әйелдер қауымының белсенділігі мен азаматтық ұстанымы ел болашағы үшін ерекше маңызды.
Қадірлі аналар мен арулар!
Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында қай салада болмасын нәзік жындыларымыздың орны айрықша.
Сіздердің даналықтарыңыз бен төзімдеріңіз, мейірімдеріңіз бен қамқорлықтарыңыз – әр отбасының бақыты мен берекесінің негізі. Ұрпақ тәрбиесінде, қоғамның рухани дамуы мен ел бірлігін нығайтуда сіздердің еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланады.
Шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі күні баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, жүректеріңіз мейірім мен қуанышқа толы болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов















