Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Президент қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады

Президент қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық әйелдерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Әр адамның өміріндегі қуанышты әрі жарқын сәттердің көп болуына сіздер мол үлес қосып келесіздер!  
Ел басына күн туғанда асыл аналарымыз бен аяулы аруларымыз қиындыққа мойымай, ұлт тағдырына араласты. Еселі еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда жатталады", - деген Тоқаев гендерлік саясатты да тілге тиек етті.
 Қазіргі таңда әйелдерге мүмкіндік есіктері молынан ашылғанын айтып, нәзікжандыларға табыс тіледі.
"Егемен елімізде әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Отбасы институтын, көп балалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығы.
Сіздердің шығармашылық және кәсіби біліктіліктеріңізді арттыру үшін барлық жағдай жасалуда. Алдағы уақытта талантты да талапты әйелдер қоғамдық-саяси өмірдің түрлі саласында зор жетістікке жететініне сенемін!", - деген президент қыз-келіншектерге бақ-береке және толағай табыс тілейтінін жеткізді. 
07 наурыз 2020 ж. 74 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031