Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алтын құрсақты ана

Алтын құрсақты ана

Тіршіліктің арқауы – ана. Ол жарық дүниеге сәби әкеліп қана қоймай, оған тәрбие беріп, шексіз махаббатын төгеді. Отбасының берекесі, үлкен әулеттің ұйытқысы, шаңырағының шаттық сыйлаушысына айналады. «Ана – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді». Осы даналық сөздің шынайы бейнесіндей болған Лиман Сансызбаева кеудесіне «Алтын алқа» тағынған ана.
Лиман ана 1946 жылдың 3 мамырында, жер-дүние жаңарған көктем мезгілінде дүниеге келді. Оның балалық шағы мен білім нәрімен сусындаған жылдары Қазалы қаласындағы №17 Ғани Мұратбаев атындағы мектепте өтті. Оның еңбекқорлығы ерте жастан жауапкершілікке баулыды. Еңбек жолын шипагерлікпен байланыстырған Лиман ана Қазалы қаласындағы №3 дәріханада 30 жыл бойы тапжылмай еңбек етті. Халықтың саулығы жолында аянбай тер төкті. Талай жанның дертіне шипа тауып, ізгілік нұрын септі. Дәріхана табалдырығын аттаған әрбір жанға жылы қабақ танытып, шипалы дәрімен ғана емес, мейірімді сөзімен де көптің көңілін баурады.
Бүгінде Лиман ана – бір әулеттің алтын діңгегі, саялы бәйтерегі. Тағдырдың сыйы мен Жаратқанның жазуымен ол марқұм жолдасы Қани атамызбен бірге 8 бала тәрбиелеп өсіріп, қатарға қосты. Ардақты әже бүгінде 28 немеренің қызығына кенеліп, 40 шөберенің еркелігін көріп, маңдайынан иіскеп отыр. Бұл – жай ғана сандар емес, бұл – ананың төккен тері, түнгі ұйқысын төрт бөлген еңбегі мен шексіз махаббатының жемісі.
– Менің ең үлкен марапатым да, мерейім де – өсіп-өнген ұрпағым. Аллаға тәубе, 8 баладан тараған немере-шөберелерімнің ортасындамын. Көңілі кең адамның кем болмайтыны рас. Алдымен пейіл мен ниеттің түзу болуы керек. Басыңа қандай іс түссе де сабырлық танытып, ақылмен шешкен жөн. Бей-берекет ашу шақырып, дауыс көтере сөйлеу әйелге тән іс емес. Еңбектеуден, жаңа нәрсені үйренуден қашпау керек. Адал еңбек қана бақытқа жеткізеді, – дейді қазыналы қария.
Батыр ана немере-шөберелеріне зейнет, береке, молшылық, бақыт, байлықтың еңбекпен келетінін үнемі айтып отырады. Ал тоқшылықта тоқмейілсімеуді, ысырап қылмауды ұрпағының құлағына құйып келеді. Өнегелі ісімен әулеттің ұйытқысы болып отырған әжей баршаның тілекшісі. Өзі мәпелеп өсірген ұрпағы сый-құрметке бөлеп, аялап отырғанына шүкірлік етеді.

Айнұр ӘЛИ
07 наурыз 2026 ж. 28 0

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031