Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда әйелдер ер адамдардан көп пе?: Ұлттық статистика еліміздегі әйел санын анықтады

Қазақстанда әйелдер ер адамдардан көп пе?: Ұлттық статистика еліміздегі әйел санын анықтады

Сурет: pexels.com
8-наурызға орай Ұлттық статистика қызықты мәлімет жариялады.Ұлттық статистика бюро еліміздегі әйелдердің саны туралы мағлұмат жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бюроның мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда 10 488 074 әйел бар.
Әйелдердің ең көбі Алматы қаласында (1,2 млн) шоғырланған. Одан кейін Түркістан облысында (1 млн), Астана қаласында (803,5 мың) және Алматы облысы (778,5 мың) тұрады.
Еліміздегі әйелдердің орташа жасы – 34,1 жас. Өмір сүру ұзақтығы – 79,4 жыл.
Жұмыспен қамтылған халық арасындағы әйелдердің үлесі – 48 пайыз (4,4 млн әйел).
Жалдамалы жұмысшылар арасындағы әйелдер үлесі – 50 пайыз. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлесі – 45 пайыз.
Жұмыспен қамтылған әйелдердің түрлі салалардағы үлесі:
  • Білім – 20 пайыз;
  • Сауда – 19 пайыз;
  • Денсаулық сақтау – 10 пайыз:
Жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі – 50,8 пайыз.
Жұмыс істейтін әйелдер арасында ең көбі – 35-44 жас аралығындағылар. Олардың саны – 1,3 миллион әйел.
06 наурыз 2026 ж. 120 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930